Көктем. Найзағай туралы не білеміз? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

4-сынып

5-бөлім. Табиғат құбылыстары

4-сабақ. Көктем. Найзағай туралы не білеміз?

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысы дамытылып, оқылым материалы бойынша жоспар құрады, жоспар негізінде мәтінді толық мазмұндауға, етістіктің шақ, рай формаларын қолдануға үйрету көзделеді. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ауызша мазмұндап айту дағдылары бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады.

 Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөз тіркестерін құру қарастырылады.

Барлығы: оқылған мәтіннің мазмұнына жоспар құрады, жоспар бойынша мәтінді толық мазмұндайды; етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады.

Көпшілігі: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.

Кейбірі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты «галереяны» аралаудан бастаңыз. Бұл сабақ тақырыбын анықтауға итермелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады. Оқушылар найзағай туралы ұсынылған мәліметтермен танысып, өздерін қызықтырған мәліметті таңдап алады, несімен қызық болғандығын түсіндіреді. Ақпаратты алдын ала жеке парақтарда жазып, сынып қабырғаларына іліп қойған жөн. Сабақтың мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз, сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз. әдісі бойынша

 Айтылымға дайындық барысында оқушылар сөздікпен танысып, мәтінді бірлесіп оқиды. Жоспар құруда бірлесіп әрекет етуге немесе жеке жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады.

 Айтылым дағдылары дбағалай дескрипторлары арқылы бағаланады. Айтылымды жұптық жұмыс түрінде өйымдастырған тиімді. Мұғалім бақылаушы рөлінде сыныпты аралап, оқушыларды сырттан қадағалайды.

 Айтылымнан кейінгі тапсырмада оқушылар тақырып бойынша алған мәліметті қолдана отырып, найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастырады. Етістіктің бұйрық рай формасын дұрыс қолдануға тырысады. Бұл тапсырма оқушылардың өзін-өзі сақтау сезімдері, жауапкершілікті арттырады.

 Үйге ретінде дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар бұйрық рай формасын дұрыс қолдану дағдыларын дамытады. Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу