Болашақтағы жұмыс орындары (1-2 сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы жұмыс орындары (1-2 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ажырату, ауызша/ жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ажырату, ауызша/ жазбаша тілде қолданады

Көптеген оқушылар: көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ажырату, ауызша/ жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ажырату, ауызша/ жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Жазбаша тілде зат есімді сөздерде жіктік жалғауды қолданады

Тілдік мақсаттар

Мамандық, таңдау, жауапты, маңызды, шыдамдылықты қажет ететін, дәрігер, мұғалім, заңгер, аспаз, өрт сөндіруші, шаштараз, құрылысшы

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тарихи жәдігерлерді сипаттап айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

Суреттер сөйлейді. Берілген суреттер бойынша сабақтың тақырыбын болжайды, тақырыпқа қатысты білетін сөздер мен сөз орамдарын ортаға салады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

3 мин

10 мин

7 мин

7 мин

10 мин

7 мин

3 мин

10 мин

(Ж) «Сыңарын тап!» Оқушылар сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз орамдарымен танысады.

білім береді, оқытады, үйретеді

емдейді, қиналғанда көмектеседі

дәмді тағамдар әзірлейді, ас дайындайды

Өрт сөндіреді, адамдарды құтқарады.

шаш қияды, шашты сәндейді

үй салады, баспана тұрғызады

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсрыма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – ойландырды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «5 жолды өлең» Оқушылар мамандыққа қатысты бес жолды өлең құрастырады. Алғашқы үлгіні мұғаліммен бірлесе жасап, содан соң өздігінен жасайды.

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

Зат есімге синоним сөз

Мұғалім

Ақылды, білімді

Үйретеді, білім береді, оқытады

Ақылды мұғалім бізді үйретеді.

Мамандық

Дескриптор:

  • зат есімді дұрыс жазды;
  • сын есімді дұрыс жазды;
  • етістікті дұрыс жазды;
  • сөйлемді дұрыс құрастырды;
  • синоним сөзді дұрыс таңдады;
  • сауатты, қатесіз жазды.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақта жасаған жұмысын қорытындылайды.

Маған ....................

Мен ........................

(Ұ) Кім айтты? Берілген сөздерге қарап, мамандық иесін анықтайды.

(Ж) Сыңарыңды тап! Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіру арқылы жұптарға бөлінеді. Осылайша олар сөздердің жіктелу тәртібімен танысады. Берілген үлгіге сүйеніп, басқа мамандық атауларын жіктейді.

Мен

дәрігермін

Сен

дәрігерсің

Сіз

дәрігерсіз

Ол

дәрігер

Біз

дәрігерміз

(Ө) Мен білемін! Оқушылар өздігінен берілген сөздерді жіктеп жазады.

Шаштараз, құрылысшы, өрт сөндіруші

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

(Ө) Сиқырлы билет. Оқушылар жеребе тарту арқылы тапсырманы таңдайды. Тапсырманы орындап болған соң тапсырма саны бойынша топтарға жиналып, бір-бірін тексереді. Бір жұмысты сынып алдында бөліседі.

№1

Тапсырма: Берілген сөйлемдерді мен, сен, сіз, ол, біз сөздерімен толықтырып жаз.

Менің атым – Әлия. .......... аспазбын. Менің ағам – құрылысшы. ......... үйлер салады. Менің ең жақын досым бар. ......... да аспаз. .......... екеуміз дәмді тағамдар әзірлейміз. ............ мейрамханада жұмыс істейміз.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс толықтырды.

№2

Тапсырма: Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғап жаз.

Сәлем! Қалың қалай? Сен қайда жұмыс істейсің? Сен дәрігер....... бе әлде мұғалім........ бе? Мен өрт сөндіруші....... Менің әкем де – өрт сөндіруші......... Біз өрт сөндіруге бірге барамыз. Біздің мамандық қауіпті. Біз жақсы өрт сөндіруші......

Дескриптор:

  • жіктік жалғауларын дұрыс жалғады.

№3

Тапсырма: Берілген сөйлемдерді мен, сен, сіз, ол, біз сөздерімен және жіктік жалғаулармен толықтырып жаз.

  • Менің атым – Әлия. .......... аспазбын. Менің ағам – құрылысшы. ......... үйлер салады. Менің ең жақын досым бар. ......... да аспаз.
  • Мен өрт сөндіруші....... Менің әкем де – өрт сөндіруші......... Біз өрт сөндіруге бірге барамыз. Біздің мамандық қауіпті. Біз жақсы өрт сөндіруші......

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс толықтырады;
  • жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды.

Сабақтың соңы

3 мин

«Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу