4-бөлім «Мамандықтар әлемі». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


Топтық жұмыс. Берілген сөздердің мағынасын сөздіктерді пайдаланып анықтаңдар. Сөздерді сөздікке жазыңдар. Осы сөздермен 3-4 сөйлем құрастырыңдар.

Көмекші сөздер мен шылаулар:

Болашақта, мамандық, таңдаймын, болғым келеді, ол үшін, білім алу, кейін, соң, еңбектену, керек, қажет.

Жұптық жұмыс. Мәтінді түсініп оқып шығыңдар.

Ыбырай Алтынсарин

 

 Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

— Көремін, өрмек тоқып жүр.

— Анау құмырсқаны көремісің?

— Көремін, аузында бір нанның қоқымы бар, жүгіріп кетіп барады.

— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның қоқымын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.

Тапсырманы орындаңдар:

  • Дұрысын белгіле.

Бұл мәтіннің түрі......

А) сипаттау Ә) әңгімелеу Б) пайымдау

2.Ойларыңды дәлелдеңдер.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтіннің қандай ерекшеліктері бар?

4.Өсиет сөз қандай сөйлемде берілген?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау. Дескриптор:

Мәтіннің түрін анықтайды

Мәтіннің ерекшеліктерін анықтайды

Көзқарастарын дәлелдейді

Жеке жұмыс. Жазылым.

 «Жақсы маман болу үшін нен істеу керек?»

  Көмекші сөздер мен шылауларды қолданып, өз ойларыңмен бөлісіңдер (1-2 сөйлем).

Көмекші сөздер мен шылаулар:

Болашақта, мамандық, таңдаймын, болғым келеді, ол үшін, білім алу, кейін, соң, еңбектену, керек, қажет.

Дескриптор:

  • Өз ойымен бөліседі.
  • Көмекші сөздер мен шылауларды қолданады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу