4-бөлім «Мамандықтар әлемі». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (Т2)

Мектеп:

Күні:

Сабақ реті: 6

Мұғалім:

Сынып: 4 Т2

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ______

Сабақ тақырыбы:

4-бөлім «Мамандықтар әлемі»

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

4.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

4.​5.​1.​1* мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану

 Сабақ мақсаты:

Мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Көмекші сөздерді ауызша/жазбаша сөйлеуде қолдану

Бағалау критерийлері

Өсиет әңгіменің ерекшелігін ажыратады

Мазмұнын түсінеді

Мәтіндегі көмекші сөздерді сөйлеуде қолданады

Құндылықтарды

дарыту

  • өз пікірін ашық, еркін жеткізеді;
  • жұптық,топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;
  • бір-біріне құрмет көрсетеді, адамның өмірдегі орны туралы біледі.

АКТ қолдану

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Болашақта, мамандық, таңдаймын, болғым келеді, ол үшін, білім алу, кейін, соң, еңбектену, керек, қажет.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

----

Жоспарлан-ған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ой қозғау. «Мен білетін мамандық». Оқушылар сызба бойынша 2-3 мамандық туралы айтады.

Үлгі:

Мен білетін мамандық – дәрігер, ол науқастарды емдейді.

М-О

О-О

О-М

Негізгі бөлімі

10 минут

3 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже талқыланады.

Топтық жұмыс. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ берілген сөздердің мағынасын сөздіктерді пайдаланып анықтайды. Сөздерді сөздікке жазады. Осы сөздермен 3-4 сөйлем құрастырады.

Көмекші сөздер мен шылаулар:

Болашақта, мамандық, таңдаймын, болғым келеді, ол үшін, білім алу, кейін, соң, еңбектену, керек, қажет.

Оқылымалды тапсырма.

Суретке қарап, біз оқитын әңгіме не туралы болатынын болжаңдар. Өз ойларыңмен жұптарыңмен бөлісіңдер.

Жұптық жұмыс. Мәтінді түсініп оқып шығыңдар.

Ыбырай Алтынсарин

 Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?— Көремін, өрмек тоқып жүр.— Анау құмырсқаны көремісің?— Көремін, аузында бір нанның қоқымы бар, жүгіріп кетіп барады.— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

 Сонда атасы айтты:— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның қоқымын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.

 

Тапсырманы орындаңдар:

  • Дұрысын белгіле. Бұл мәтіннің түрі......

А) сипаттау Ә) әңгімелеу Б) пайымдау

  • Ойларыңды дәлелдеңдер.

________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтіннің қандай ерекшеліктері бар?

  • Өсиет сөз қандай сөйлемде берілген?

__________________________________________________________________________________________________________

Бағалау. Мұғалім оқушы жұмысын дескриптор бойынша бағалайды.

Дескриптор:

  • Мәтіннің түрін анықтайды
  • Мәтіннің ерекшеліктерін анықтайды
  • Көзқарастарын дәлелдейді

 Жеке жұмыс. Жазылым. Жақсы маман болу үшін нен істеу керек? Көмекші сөздер мен шылауларды қолданып, өз ойларыңмен бөлісіңдер (1-2 сөйлем).

 

Көмекші сөздер мен шылаулар:

Болашақта, мамандық, таңдаймын, болғым келеді, ол үшін, білім алу, кейін, соң, еңбектену, керек, қажет.

Жұмыстарын жеке оқиды. Сыныптан 3-4 жұмыс тыңдалады.

Дескриптор:

  • Өз ойымен бөліседі.
  • Көмекші сөздер мен шылауларды қолданады

Сөздер

О-О

О-О

Слайд

Сабақ соңы:

2 минут

Кері байланыс. Блоб ағашынан өзін тауып белгілейді, сабақтағы жетістіктері арқылы өз орнын түсіндіреді.

Үй жұмысы: http://expert.mektep.kz/ru/shop/125761-4_klass/126012-aza_tl_4/1

102-бет, 1-тапсырманы орындау. Жаңа сөздерді жаттау.

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Жұптық жұмыста сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қолдануға үйренеді. Мәтіндегі ақпаратты анықтауға, қолдануға дағдыланады. Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

Бағалау критерийі

Кері байланыс

Топпен, жұпта жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу