№ 11 Қазақ жеріндегі сәулет ескерткіштері, археологиялық қазбалар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Асем Балгабаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

11 Қазақ жеріндегі сәулет ескерткіштері, археологиялық қазбалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио-, бейнематериалдың мазмұнын түсіну

4.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

сұрақтарға жауап береді және сөйлемді толықтырады, түйінді тұстарын анықтайды,

Оқушылардың кейбірі:

кестені толтырады, мәтінді мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

түйінді тұстарын анықтап, кластерді толтырады

Лексикалық минимум

ескерткіш, кесене

Грамматикалық минимум

Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтары

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Мен саған тілеймін ....» тренингі

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді:

  • мейірімді бол,
  • ақылды бол,
  • ұқыпты бол,
  • батыл бол,
  • тәртіпті бол,
  • сабырлы бол,
  • шыдамды бол,
  • шыншыл бол т.б.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;

түйінді тұстарын анықтап, кластерді толтырамын

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздер

«Сөз→сөз тіркесі→сөйлем» әдісі арқылы жаңа сөздердің айтылуы, лексикалық мағынасын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Жаңа сөздердің қолданысы (сөйлемдегі орын тәртібін ескеру) меңгертіледі.

ескерткіш – мүсін (ерте дәуірден қалған тарихи мұра, көненің көзі)

кесене – күмбез, қабір

Дамыту жолдары:

1. Жаңа сөздердің мағыналарын мысалы келтіріп түсіндіреді.

2. Қолдану ерекшеліктерін көрсетеді.

3. Бірнеше рет қайталайды.

4. Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолданады.

5. Өткен сабақтарда меңгерген ақпаратты сабақта қайталайды.

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

(М) Қазақ жерінде сақталған белгілі тарихи сәулет ескерткіштерінің (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, т.б.) суреттерін көрсетіңіз. Оқушылардан олар туралы не білетінін сұраңыз. Ескерткіштер атауларын жазып, тақтаға іліңіз, үстелдерге жайыңыз. Оларды дауыстап оқыңыз және сізбен бірге бірнеше рет қайталауларын сұраңыз.

Тыңдалым кезіндегі тапсырма:

) Оқушылар тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, кластер құрастырады.

Мәтін:

Қазақстан аймағында көне ескерткіштер өте көп сақталған. Ғалымдар оларды 10 ғасырға жатқызады. Мысалы, Онтүстік Қазақстан облысында Айша бибі, Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі белгілі. Бұл сол кезедгі атақты адамдардың қабірі. Олар текше тәрізді, тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған.

Сұрақтар:

Мәтін не туралы?

Кесене деген не?

Олар қандай болады?

Неге кесене ескерткіш болып саналады?

Дескриптор:

тыңдалым мәтінін түсінеді;

сұрақтарға дұрыс жауап береді;

мазмұнына бойынша кластер құрастырады

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Тыңдаған мәтінге сүйеніп жоспар құра. Жоспар бойынша мазмұнын айт.

Жоспар:

1. ________________

2. ________________

3. ________________

Дескриптор:

түсінген мәтін негізінде жоспар құрастырады;

жоспарды қолданып, мәтіннің мазмұнын айтады.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

  Слайд

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мен үшін бүгін ..... құнды болды, себебі ......

Келесі сабақта ..... болса екен.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Айша бибі кесенесі туралы ақпарат дайындау.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу