Жақсы адам- елдің ырысы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
- Тыңдалымалды тапсырма:
Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сол сөздермен 5 сөйлем құрастырып ауызша айтады: оқымысты, білімді,бай,бас ию,әдептілік көрсету.
Тыңдалым тапсырмасы
Начало формы
Конец формы
Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен оқымысты да онан төменірек басып иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:-Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір мұжыққа бас иіп неге сәлем бердіңіз? - деп сұрады.Сонда ғалым кісі тұрып:-Ешбір іліи-білім үйренбеген адам сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.
http://bilim-all.kz/article/2410
1-тапсырма:
1.Әңгімеде не туралы айтылған деп ойлайсыңдар?
2.Оқымысты қандай адам?
3.Жарлы кісі қандай адам?
4.Оқымысты мен жарлы адамның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?
2-тапсырма.
Тыңдалым мәтінінен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс тауып,жазыңыздар
Үлкөн-үлкен
Үйрөнбөгөн-үйренбеген
Төмөнірек-төменірек
Дескриптор:
- мәтіннен қажетті сөздер тауып мағынасын ашады, сұрақтарға жауап береді;
- Кейіпкерлердің ойын жалғастырып,жаза алады;
- айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолдана алады
3-тапсырма:Жазылым
Мәтіндегі кейіпкерлердің ойын жалғастырыңдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?