Адамдық құндылықтар. Адамгершілік – ізгілік нұры. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Құндылықтар

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдық құндылықтар.

Адамгершілік – ізгілік нұры.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

2.1 Сөздік қорды толықтыру

Сабақ мақсаттары

1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

2.​1.​1* берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін мазмұнына тірек сөздер мен сұрақ құрастырады.

Сөздердің қарама-қарсы және мағыналас нұсқасын құрастыру және сөйлеу кезінде қолдану.

Тілдік мақсаттар

Сыйлау, көмектесу, орын беру, қария, алғыс айту, әдепті

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Менің Отаным Қазақстан»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Суреттер сөйлейді» тәсілі арқылы қандай тақырып өткелі жатқанына болжам жасайды. Оқушылар суреттен не көріп тұрғандарын айтып береді.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?
  • Адамдар не істеп жатыр?
  • Оны не үшін істеді, маңызы қандай?

№ 1 презента- ция

Сабақтың ортасы

Мәтінді тыңдау 3 минут (қайталаған жағдайда 6 минут)

Топта тірек сөздерді талқылау

3 минут

Сұрақ құрастыруға 3 минут

Бағалауды мұғалім жүргізеді, әр жауапқа 30 секуттан.

Топтастыру жасауға 5 минут

2 минут

№1 кестені толтыру 3 минут

№2 кестені толтыру 3-5

5 минут

Сабақ мақсатын оқып, түсініп алу.

*Оқу мақсатын оқушылармен бірге оқып, бүгін қандай жұмыстар атқаратынымызды талдап алу керек.

) «Мұқият тыңда!» Тыңдап отырған кезде тақырыпқа қатысты тірек сөздерді дәптеріңе түртіп алып отыр.

Адамгершілік дегеніміз не? Адамгершілік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Адамгершіліктің негізі сонау сәби кезден қалыптасады. Мысалы, адалдық, жауапкершілік, кішіпейілділік, бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

Адамға қойылатын басты талап – жақсы қасиеттерді бойына сіңірген үлкен азамат болып шығу. Себебі адам отбасынан алған тәрбиесімен, әдептілігімен, қарапайымдылығымен ардақты.

Әрдайым өзгелерге жақсылық жасайтын, қайырымды, мейірімді, адамды «адамгершілігі мол адам» деп бағалайды.

* Берілген мәтінді мұғалім оқып беруге немесе диктафонға жаздырып тыңдатуға болады. Қажет болған жағдайда қайталап тыңдатуға болады.

(Т) - Жазып алған сөздеріңді шағын топтарыңдағы оқушылардың тірек сөздерімен салыстыр. Қанша ұқсастығы мен айырмашылығы барын анықтаңдар.

(Ж) Тірек сөздеріңді қатыстыра отырып 1-2 сұрақ құрастырыңдар. Мысалы, адам қандай қасиетімен отбасында ардақты?

- Сұраққа қол көтеріп жауап береміз.

Бағалау:

Дескрипторлар:

Жауабы

Тірек сөздерді жаза алады;

Тірек сөздерді қатыстырып сұрақ құрастыра алады;

(Комментарий, ұсыныс түрінде ауызша беріледі).

Сұрақтарға жауап бере алады

(С) Сынып болып тірек сөздеріңмен «күн сәулесін» толықтырыңдар. (класстер жасау.)

* Класстер материалын А3 флипшартына немесе тақтаға салып қоюға болады.

- Балалар, тірек сөздерімізді неге күн сәулелеріне жаздық деп ойлайсыңдар? (*оқушылар оның «Адамгершілік – ізгілік нұры» екенін, тақырыппен байланыстырып айта алуы керек.

Кестені толтырыңдар.

№ 1 Қарама-қарсы мағынасын тап.

Адалдық

Әдептілік

Қайырымды

№ 2 Қарындашпен мағыналары жақын екі сөзден топтастыр.

Жазғандарын «Мінберде» шығып дәлелдеп айтып береді.

Дескриптор:

  • Мағынасы жақын сөздерді дұрыс топтастыра алады;
  • Себебін түсіндіре алады.

http://expert.mektep.kz/ru/shop/125761-4_klass/126012-aza_tl_4/1

диктафон

Флипшарт немесе А3 үлгідегі қағаз.

Үлестірмелі парақ

Үлестірмелі парақ

Сабақтың соңы

2 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу