Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады. Оқушылардың кейбірі: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Саяжай, көшет, күтім, қоштасу, бос | ||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау Мен демала+мын | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Біздің мереке №8 | ||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру «Гүлмен тілек» тренингі Оқушыларды бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Ой шақыру (Ұ) Суретке қара, сипатта. Оқушылар сурет бойынша өз ойларымен бөліседі, табиғат мезгілін, балалардың бос уақытын қайда және қалай өткізіп жатқаны жайлы сөз қозғайды. Тапсырманы қабілеті жоғары оқушыға орындатуға болады. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд Үлестірмелі қағаздар | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздер (Ұ) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту
Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Жіктік жалғауды қайтала. Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді. Жекеше: Мен демаламын Сен демаласың Сіз демаласыз Ол демалады 1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді тыңда. Сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. Алдымен сұрақтарды оқып талқылайды. Мәтін екі рет тыңдайды. Тыңдап отырып мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді. Жауабын мұғалім тексереді. Кері байланыс орнатады. 1. Әлібек нешінші сыныппен қоштасады? 2. Қандай демалыс келді? 3. Жазғы демалысты неге «ұзақ мереке» деп атайды? 4. Әлібек жазда не істейді? Жауабы: үшінші, жазғы, ұзақ, ауылға барады, саяжайда демалады 2-тапсырма: (Т) Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастыр. Оқушылар топпен бірлесіп тапсырманы орындайды. Алдымен ақылдасып, сюжеттің реттілігін анықтайды. Содан кейін суретке қатысты сөздерді тізбектейді. Түсінбеген сөздерді сөздік арқылы табады. Соңында сурет бойынша әңгімелейді. Ортаға шығып әр топ қорғайды. Басқа топтар критерий бойынша бағалайды. Критерийді оқушылар өздері құрастырады. Кері байланыс Тапсырма қызықты болды ма? Сергіту сәті Оқушылар әнді орындайды, бірге билейді. 3-тапсырма: (Ж) Әр сөйлемге «иә» не «жоқ» деп жауап берілетіндей сұрақтар жаз. Тапсырма мазмұнын талқылайды. Мұғалім оқушының түсінгеніне көз жеткізеді (Бұл тапсырманы қалай орындайсың?) Үлгі: Жазғы демалыста ауылға барасың ба? Жазғы демалыста ауылға барамын. Жазда бос уақыт көп болады. Ауылдың қасында көл бар. Көлден балық аулаймын. Қостұра тауына шығамын. Таудың суретін саламын. Кейін саяжайға барамын. Саяжайда көшеттер бар. Көшетке күтім керек. Саяжайда алма жинаймын. Тамызда «Думанға» барамын. Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? 4-тапсырма: (ЖЖ) Сөйлемді жалғастырып, жазда не істейтінің туралы мәтін құра. Берілген сөйлемді оқушылар ақылдасып орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай сөйлемдердің құрылымын жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем етіп беруге болады. Оқушылардың жұмысын мүғалім бағалайды. Жазғы демалыс келді. Мен жазда ... . Дескриптор:
| Слайд
Үлестірмелі қағаздар
«Көкжиек» оқулығы, 114-115 бет
https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y «Бала, бала, балапан»
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Табыс сатысы»
1-ші баспалдағы «Мен .... білемін» 2-ші баспалдағы «Мен .... түсінемін» 3-ші баспалдағы «Мен .... жасай аламын» Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы 116-бет, 7-тапсырма (ауызша). | Слайд | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?