Біздің мереке №8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Біздің мереке №8 | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: тірек сөздерді қолданып, үлгі бойынша жай сөйлем құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: тірек сөздерді қолданып, жай сөйлем құрастырады. Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді ұтымды қолданып, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Лексикалық минимум | Балаларды қорғау күні, шолу шеңбері | ||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау Мен демала+мын | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||
Бастапқы білім | 9 мамыр – Жеңіс күні №7 | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді мереке тілеймін! және т.б. Ой шақыру (Ұ) Суретке қарап сұрақтарға жауап бер.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд Үлестірмелі қағаздар | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздер (Ұ) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту Балаларды қорғау күні – балалар мерекесі Шолу шеңбері – аттракцион
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Жіктік жалғауды қайтала. Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді. Жекеше: Мен демаламын Сен демаласың Сіз демаласыз Ол демалады 1-тапсырма: (Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Мәтінді тізбектеп дауыстап оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мазмұнын өз сөзімен айтады. 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл – біздің мереке. Мерекеде мені ата-анам, туыстарым құттықтайды. Отбасымызбен саябаққа барамыз. Біз шолу шеңберіне отырамыз. 2-тапсырма: (ЖЖ) Сұрақтарға жауап бер. Тапсырманы орындамас бұрын сұрақтармен танысады. Сұрақтарға сүйеніп жауап береді. Жауаптарын басқа оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. 1. 1 маусым – қандай күн? 2. Ол кімдердің – мерекесі? Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? 3-тапсырма: (Т) Суреттерге қарап айт. Оқушылар алдымен сұрақтың мазмұнын ашады. Сурет бойынша тірек сөздерді жинақтайды. Тірек сөздерге сүйеніп жауап дайындайды. Топтар өаара жауаптарын бағалайды. Балалар саябақта не істейді? Сергіту сәті Оқушылар әнді орындайды, бірге билейді. 4-тапсырма: (Ж) Тірек сөздерді пайдаланып, үш сөйлем құра. Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай қолдау көрсетеді. Оқушылар дәптерлерін мұғаліміне тексеруге тапсырады. Тірек сөздер: Балаларды қорғау күні, мереке, құттықтайды, ұнайды, саябақ Үлгі: Балаларды қорғау күні мерекесіне орталық саябақта тойланады. Дескриптор:
| Слайд
Үлестірмелі қағаздар
«Көкжиек» оқулығы, 112-бет
«Көкжиек» оқулығы, 113-бет, 4-тап https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ «Көкжиек» оқулығы, 113-бет, 5-тап
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Сабақтан алған әсерім» Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төртбұрыш-стикеріне жазады.
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы 113-бет, 6-тапсырма (жазбаша) | Слайд | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?