Мереке құтты болсын! №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мереке құтты болсын! №3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сұхбатқа қатысады.

Оқушылардың көпшілігі:

тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, сұхбатқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі:

түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түседі, сұхбаттасының ойын толықтырады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді;
  • түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түседі.

Лексикалық минимум

Мереке, құттықта

Грамматикалық минимум

Не істейміз? сұрағы

Мерекеде не істейміз?

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Абай мұражайында №2

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Жүректен жүрекке» шеңберіне шақыру

Балалар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады.

Қызығушылықты ояту

(ЖЖ) Сөздердің қолданысын анықта. Мерекеде айтылатын сөздерді тап.

  • Келуіңмен!
  • Мереке құтты болсын!
  • Сау бол!
  • Құтты болсын!
  • Кешірім өтінемін!
  • Меркеңмен!
  • Кешіріңіз, өтіп кетейінші!
  • Құттықтаймын!

(Жұбымен сөздерді талқылайды, қолдануын анықтайды, мерекеге қатысты сөздерді табады)

Сабақтың тақырыбын болжату

(Мерекемен құттықтау, т.б.)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • тыңдаған материалдың мазмұнын түсінемін;
  • түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсемін.

 Слайд

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

(ЖЖ) Мағынасы жақын сөздер және сурет арқылы меңгерту.

Мереке – той, кеш, думан, мейрам

Құттықта – тілек айту

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Жіктік жалғауды қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Мен құттықтаймын

Сен құттықтайсың

Сіз құттықтайсыз

Ол құттықтайды

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Тыңдалымды екі рет тыңдайды. Берілген сұрақтарды талқылайды. Тыңдалым кезінде тірек сөздерді жазады.

1. Әнелді неге құттықтады?

2. Әнел қалай құттықтады?

2-тапсырма:

) Мәтінді оқы. Қимылды білдіретін сөздерді тап. Тапсырманы орындамас бұрын ұжыммен талқылайды. Қимылды білдіретін сөздердің астын белгілейді.

Қазақстанда мереке көп. Біз мерекеде бір–бірімізге сыйлық береміз. Ашықхат жазамыз. Жақсы тілек айтамыз. «Меркеде құтты болсын!» – деп құттықтаймыз. Мерекелік дастарқан жасаймыз. Ет асамыз. Бауырсақ пісіреміз. Ең үлкен мереке – Наурыз. Наурызда наурызкөже пісіреді.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

3-тапсырма:

(Т) Суретті пайдаланып, жауап бер.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау барысында қандай рөл атқардың?

Сергіту сәті:

Оқушылар әнді орындайды, би билейді.

4-тапсырма:

Ж) Бір-біріңнен мерекеде не істейтіндеріңді сұрап, диалог құрыңдар. Сұрақтарды пайдалаңындар. Тапсырманы орындамас бұрын жұбымен талқылайды. Сұраулы сөздерге назар аударады, мазмұнын түсінеді. Өзара сұхбаттасады.

1. Үйде қандай мерекені атап өтесіңдер?

2. Мерекеге қалай дайындаласыңдар?

3. Үйде мерекелік дастарқан жасайсыңдар ма?

4. Мерекеде анаң қандай тамақ пісіреді?

Дескриптор:

  • сұрақтарға толық жауап береді;
  • сұхбаттасының ойын толықтырады.

Бағалау:

Оқушылар «Қолшапалақ» арқылы бағалайды.

Екі шапалақ - төмен баға.

Үш шапалақ – орташа баға.

Бес шапалақ – жоғары баға.

 Слайд

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы, 102-103 бет

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

103-бет,

4-тап

https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ

«Көкжиек» оқулығы,

104-бет,

7-тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Нысана»

  • Басында
  • Ортасында
  • Соңында

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Мерекемен құттықтап, ашықхат жаз.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу