Адамдар мен өзен (ертегі). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

7-сабақ «Адамдар мен өзен»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. «Сиқырлы сөздер» ойыны мұғалім қатысуымен жүргізіледі. Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде келесі оқушыға айтуы керек. Осының негізінде оқушылар арасында бір-біріне деген ізеттілік қарым-қатынасын орнатуға болады.
  • Сынып оқушыларының назарына «Бауырсақ» ертегісіне қатысты суреттер топтамасы беріледі, яғни, ой шақыру мақсатында. Сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтау негізінде сабаққа зейінін аударуға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;

Сынып оқушылары 1-тапсырма бойынша берілген сөздерді қажетті суреттің астына орналастыру қажет. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушыларға кері байланыс бере аласыз.

  • Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үнемі назардан тыс қалдырмаңыз.

Тыңдалым мен жазылым

  • Сынып оқушыларына тыңдалым алды тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар берілген үлгіге сүйене отыра сөйлем құрастыру қажет. Тапсырманы оқып әрі қайталау арқылы оқушының тілін жаттықтыра аласыз. Оқушыларға «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
  • Тыңдалым тапсырмасында мәтінді мұқият тыңдап, жаңа сөздерді белгілеуі керек. Мәтінде жаңа сөздер қанша рет кездесетінін санамалап айтып шығады. Ой шақыру кезіңінде жетекші сұрақтар қойылып, тыңдалым мәтінінің мазмұны сұралады. Кері байланыс смайликтер арқылы жүргізіледі.
  • Грамматикалық қоржын кезіңінде көптік жалғауы бойынша түсінік беріліп, мысалдар келтіре аласыз.
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада сынып оқушылары 1-тапсырма бойынша мәтінді мұқият тыңдап, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазса, ал 2-тапсырмада сөйлемді толықтырып жазып шығуы керек. Не қиын болды? Неліктен? деген сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс беріледі.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту кезеңі жүзеге асырылады.
  • Жазылым бойынша суретке қарап, «Өзен» тақырыбында көптік жалғауын қолдана отырып, шағын мәтін құрастырып жазу тапсырмасын ұсына аласыз. Мәтін құрауға негіз бола алатын тірек сөздер қатарын да беруге болады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштай алуына мүмкіндік пен бағыт-бағдар беріңіз. Кері байланыс «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында «Сұрағым бар... Есімде қалды....,Түсіндім»

рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу