Нәтиже сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 12-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Нәтиже сабақ | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2 Тыңдаған/оқыған/ көрген материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту 3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып мұғалімнің қолдауымен және үлгі бойынша жазады, каллиграфиялық дағдыларын дамытады. Оқушылардың көпшілігі: оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып үлгі бойынша жазады, каллиграфиялық дағдыларын дамытады. Оқушылардың кейбірі: оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді ауызша /жазбашада еркін қолданып жазады, каллиграфиялық дағдыларын дамытады. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Лексикалық минимум | Тамшы, бу | ||||||||
Грамматикалық минимум | Ұ, Ү, У дыбыстары | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаны сақтауға шақыру | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||
Бастапқы білім | Сусыз өмір жоқ | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Қызығушылықты ояту (ЖЖ) Бейнекөрсетілімді қара. Өз ойынды айт. «Табиғаттағы су айналымы» атты бейнекөрсетілімде су айналымы жүйесі бейнеленген; Оқушы су айналым жүйесін жұбына түсіндіреді. Сабақтың мақсатымен таныстыру •Оқыған материалдың мазмұнын жазамын; •каллиграфиялық дағдыларын дамытамын. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=a5kF5Ks7dDg | |||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздерді меңгерту «Дефиниция» әдісі бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.
1-тапсырма (Ж) Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз. С ... сыз тіршілік жоқ. Жер бетінің көп бөлігін с ... алып жатыр. М...хиттар, теңіздер, өзендер мен көлдерде су көп. Жер астында да, топырақта да с... бар. С... атмосферада б...лт, т...ман, б.., жаңбыр, қар түрінде болады. С... с...йық, қатты, газ тәрізді үш түрлі к...йде кездеседі. Кері байланыс Тапсырманы орындағанда басты назарын неде болды? Сергіту сәті: Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды 2-тапсырма
Ертеде бұлттың ішінде бір кішкентай тамшы өмір сүріпті. Бір күні жаңбыр жауып, кішкентай тамшы да жерге қарай құлайды. Тамшы өзенге түседі. «Мен қайда келдім? Бұл жерде су қалай көп!» - деп таң қалады тамшы. Сол жерден оны күннің көзі жылытып, тамшы бу болып, аспанға көтеріледі. «Мен ұшып барамын!» деп айқайлады тамшы. Кішкентай тамшы бұлттарға қайта қосылады. Бұлтта басқа тамшылар да көп екен. Олар бір-біріне жердегі оқиғаларды айта бастады.
Тірек сөздер:
Дескриптор - мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады; - тірек сөздерді орынды қолданады; - сөйлемдердің құрылымын сақтайды. Кері байланыс. Шапалақ әдісі арқылы жүргізіледі. Дифференциация: қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгінің көмегінсіз мәтіннің мазмұнын жазады; қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үлгіні пайдалана отырып, мәтіннің мазмұнын жазады. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM Таратпа материалдар | |||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Су туралы өлеңді жатта | Слайд | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?