Су. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

3-сабақ «Су»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Сабақ психологиялық жағымды ахуалды қалыптастырудан басталады. Сынып оқушыларын белсенді қатысумен «Мен саған сенемін» тренингі жүргізіледі.

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың деп бастайды. Сынып оқушыларының өзара бір-біріне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

  • Өткен сабақтағы «Су» деген сөзбен байланыстырыңыз. Мысалы: мұғалім шағын бір ыдысты суға толтырып, ортаға қою арқылы оқушылардың ассоциация жасауын сұрайды;
  • Оқушы суды сипаттайды, қасиеттерін атайды, судың дәмін, судың пайдасын, судың түрлерін атайды;
  • Мұғалім оқушыны сұрақтар арқылы бағыттап, жетелейді.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Берілген сөздерді суретпен немесе мағынасы қарама-қарсы сөздермен сәйкестендіріңіз;
  • «Прожектор» әдісін қолданыңыз, сөздерді жан-жақты, терең меңгеруіне көмек береді.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Мысалы келтіріп оқушының түсігін қалыптастырыңыз.

Тыңдалым:

  • Оқушыларды тапсырмамен таныстырыңыз;
  • Мәтінді алдымен өзіңіз оқып, суретті көрсетіңіз;
  • Содан кейін оқушыларды шағын топтарға бөліңіз;
  • Әр топ өзара дауыстап оқып, талқылайды, оқиғаны аяқтайды.

Бағалау

Мұғалім оқушыларды оқиғаның болжауына назар аударады.

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

  • «Көңілді күн» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 2 мин;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

  • Оқушыларды үш-үштен бөліңіз (мысалы, оқушыларды деңгейлеріне қарай бөліңіз);
  • Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мәтін оқудың түрлі тәсілдерін (бірлесе оқу, бағытталған оқу, шолып оқу, бөліктерге бөліп оқу, түртіп оқу, мәнерлеп оқу, іштей оқу т.с.с) қолданыңыз;
  • Әңгімедегі әрекеттердің бірізділігін сақтап айтқызу үшін қабілетіне қарай суреттер мен сызбаны таратыңыз.

Бағалау

Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз:

  • тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдануын;
  • қарапайым әңгімедегі негізгі идеяларды зерделеуін;
  • су тақырыбына қатысты арнаулы сөздерді қолдана алуын;
  • әңгіменің қорытынды бөлігін мазмұнын айтуын.

 

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу