Өзен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

1-сабақ «Өзен»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан басталады. Сынып оқушыларының қатысуымен «Оның есесіне мен...» жаттығуы ұйымдастырылады. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. Мысалы: Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне мен .... . Осы жаттығу арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділік пайда болады.
  • Жаңа тарауды ассоцация жасау арқылы ой шақырыңыз;
  • Оқушыға бөлім бойы судың түрлерімен таныс болатына назар аударыңыз;
  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз;
  • Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең маңызды кезеңі;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді қолданыңыз;
  • Дефиниция (сөздер және сөзге жазылған түсінікті сәйкестендіру, мысалы, қалам – дәптерге, қағазға жазатын құрал; алаң-мерекеде адамдар жиналатын жер) алдымен нақты білетіндерін сәйкестендіреді, содан кейін болжамдары бойынша сәйкестендіреді. Шарт: түсіндіруге алынатын сөздер оқушыларға таныс болуы керек.

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

  • «Көңілді күн» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
  • Ұзақтығы – 2 мин.;
  • Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.

Тыңдалым тапсырмасы:

  • Тыңдалымды тыңдатпас бұрын, оқушы алдымен тапсырманың мазмұнын түсіну керек. Мысалы, тапсырманы дауыстап оқытып, өз сөзімен түсіндірісін;
  • Оқушыларға өзен тақырыбына қатысты мәтінді өзіңіз оқыңыз немесе алдын ала арнайы аудио құралына жазып алыңыз;
  • Бірінші рет, оқушылар мұқият тыңдайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Екінші рет, оқушы жеке сұрақтарға жауап іздейді және іс әрекетке қатысты сөзді табады.
  • Оқушылардың түсінігін сұрақтар арқылы бекітіп отырыңыз.
  • Сұрақтарды тақтадан көрсетіп қойыңыз немесе қағазға шығарып беріңіз (әр партаға біреуден);
  • Тапсырманы орындап болғаннан кейін, тақтадан дұрыс жауапты көрсетіңіз;
  • Әркім өз жұмысын тексеріп, тақтада көрсетілген критерий бойынша бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Айтылым

  • «Үш қадамды сұхбат» әдісінде басты назарды жауапқа аударыңыз, өйткені сабақ барысында оқушы алған білімдерін қолдану керек;
  • Сұхбатта тірек сөздерді қаншалықты қолдана алуын, меңгеруін бақылып, бағыттап отырыңыз.
  • Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаңыз (мысалы, оқушыларды деңгейлеріне қарай бөліңіз).

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу