10-сабақ. Бауыржан – батыр. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
10-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан – батыр
Сабақтың мақсаты:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
1.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, ватман қағазы.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолданады;
- сөйлемдерді дұрыс құрайды.
Сабақтың басы
Үй тапсырмасы. «Сахнадағы актер» әдісі. Алдымен «Сахнаға шығуға кім тілек білдіреді?» – деп сұраңыз. Өзі қалаған оқушы тақтаның алдына шығып, үйге берілген өлеңді өзін сахнадағы актерлер сияқты сезініп, оқып беруі керек.
Ой қозғау. Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетіңіз.
БАТЫР | ПАНФИЛОВШЫ БАЛУАН |
ЖАЗУШЫ | ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ |
БАЛУАН | МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС |
«Ассоциативті қатар» негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Қандай сөздер оқыдыңдар?
- Бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? – деп сұраңыз.
Оқушылар сөздерді оқып, өз пікірлерімен бөліссін. Мысалы: Панфилов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы ...
Содан кейін оқушылармен бірге айтылған ойларды қорытындылап, сабақтың тақырыбы: «Бауыржан – батыр» екендігін айтыңыз
Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғалары» арқылы жазушы, батыр, балуан сөздерін суреттер, анықтама беру арқылы меңгертіңіз.
Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз. Мәтін кім немесе не туралы екендігін сұраңыз. Оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:
• Бауыржан Момышұлы кім?
• Ол қандай соғысқа қатысқан?
• Қандай шайқасқа қатысқан?
• Бауыржан Момышұлы жазушы ма?
Қосымша сауалдар қойыңыз:
Ал сендер Бауыржан Момышұлы туралы тағы не білесіңдер?
Астана қаласында Бауыржан Момышұлы атында көше бар ма?
Айтылым. Оқушыларды қатар бойынша үш топқа бөліңіз. Оқулықтағы 2-тапсырмада берілген мәтінді іштей оқып, мазмұнымен таныссын. Содан кейін берілген мәтінді негізге ала отырып, төмендегі схемаларға сүйеніп басқа да қазақтың Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлары жайлы әңгімелеп берсін.
Талғат Бигелдинов, ұшқыш. 2 мәрте Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Илдер шабуыл жасайды», «305 рейд» және т.б | |
Қасым Қайсенов, Украина майданы партизаны. | Шығармалары: «Жас партизандар», «Жау тылында» және т.б | |
Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» және т.б |
Келесі дескриптор бойынша бағалаңыз:
- айтылым ережесін сақтау;
- жүйелі мазмұндау.
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 жауап. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Сергіту сәті. Оқушыларға “Айна” ойынын ойнатыңыз. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе партада отырады. Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша атау септігінен кейін келетін септеулік шылаулар туралы айтып өтіңіз.
Атау септігінде тұрған сөз | Септеулік шылау | Етістік |
Бауыржан Момышұлы | сияқты | батыр болғым келеді |
Жазылым. Интербелсенді тақтада берілген сөздерді пайдаланып, өзара желілес сөйлемдер құрғызыңыз.
батыр | балуан | жазушы | Бауыржан |
қатысу | қазақ | өнер | көше |
Ол үшін мынандай тапсырмалар беріңіз: бірінші сөйлемдегі сөзді екінші сөйлемде жіктеу есімдігімен алмастырып сөйлем құраса, келесі сөйлемде атау септігінен кейін қолданылатын септеулік шылауларды қолдану қажет.
арқылы | жайында | жөнінде |
туралы | үшін | сияқты |
Үлгі:
Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының батыры. Ол ұшқыш болған. Ол туралы кино түсірілген.
Келесі дескриптор бойынша бағалаңыз:
- Зат есімдердің жіктеу есімдіктерімен дұрыс алмастырылуы;
- Септеулік шылаулардың мағынаға сай қолданылуы.
Оқушылар жазып болған соң, 3 жұптың жауаптарын тыңдатыңыз. «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.
Жазылым. Оқушыларды топқа бөліңіз. Топтар «Кім жылдам» ойыны арқылы жарысады. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді өздері қойып, дәптерлеріне жазады.
б...лу...н | б...ты... | ...лең | к...т...п |
ж...зу...ы | ш...ғар...а | ...н...р | к...ш... |
Рефлексия. «Жетістік» баспалдағы». Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақтағы әсерлерін «қолдана аламын», «түсіндім», «аздап түсіндім» және «түсінбедім» деген сөздермен бейнелейді. «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздерінің есімдерін стикерлерге жазып, мен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?