10-сабақ. Бауыржан – батыр. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
10-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан – батыр
№1. Сөйлеу қабырғалары
Жазушы – көркем шығарма жазумен айналысатын адам. |
Батыр – ел қамы үшін жаумен айқасып, жеңіп шыққан адам. |
Балуан – күреске түсетін, күреспен айналысушы адам. |
№2. Мәтін бойынша нұсқаулар.
А) Мәтін кім немесе не туралы?
- Батыр туралы
- Жазушы туралы
- Балуан туралы
- Соғыс туралы
Ә) Сұрақтарға жауап бер.
• Бауыржан Момышұлы кім?
• Ол қандай соғысқа қатысқан?
• Қандай шайқасқа қатысқан?
• Бауыржан Момышұлы жазушы ма?
Ал сен Бауыржан Момышұлы туралы тағы не білесің?
Астана қаласында Бауыржан Момышұлы атында көше бар ма?
№3. Суреттер мен тірек сөздер негізінде сөйле.
Талғат Бигелдинов, ұшқыш. 2 мәрте Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Илдер шабуыл жасайды», «305 рейд» және т.б. | |
Қасым Қайсенов, Украина майданы партизаны. | Шығармалары: «Жас партизандар», «Жау тылында» және т.б. | |
Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» және т.б. |
№4. Сергіту сәті. «Айна» ойыны
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе партада отырады. Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
№5. Грамматикалық қоржын
Атау септігінде тұрған сөз | Септеулік шылау | Етістік |
Бауыржан Момышұлы | сияқты | батыр болғым келеді |
№6. Сөйлемдер құра.
Тірек сөздер:
батыр | балуан | жазушы | Бауыржан |
қатысу | қазақ | өнер | көше |
Септеулік шылаулар:
арқылы | жайында | жөнінде |
туралы | үшін | сияқты |
Үлгі:
Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының батыры. Ол ұшқыш болған. Ол туралы кино түсірілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?