4-сабақ. Тұңғыш ғалым. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидатикалық материал.


 4-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғалым

 

 Сабақтың мақсаты:

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

3.​1.​4.​1* тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау.

2.1 Сөздік қорды толықтыру

 3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

 

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Тыңдаған мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды.
  • Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады.

 

Сабақтың басы

 Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, жаттап келген өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, оны қалай түсінгендерін айтады. Өлең мазмұны толық ашылмаса, оларға: «Автор «құйрықты жұлдыз секілді» деп кімді айтып тұр? Оны неге «құйрықты жұлдызға» теңеп тұр? «Көрген, білген» дегендер кім? «Көрген, білген өкінді» деген жолды қалай түсінуге болады?» - деген сияқты сұрақтар қою арқылы қажетті жауап алуға тырысасыз. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаса, өзіңіз түсіндіріп кетесіз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:

Тыңдаған мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдану.

 

Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғасында» «білімді», «зертте» сөздерінің синонимдерін (білімді – көп оқыған, ақылды, сауатты; зертте – ізден, бақыла, анықта) беру арқылы жаңа сөздерді меңгертіңіз.

 

Грамматикалық қоржын. Таныстырылым сызбасы бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз. Үлгі бойынша «ізден», «бақыла», «анықта» сөздерін түрлендіріп шығуды тапсырыңыз.

 

Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз. Тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз. Сұрақтарды өзіңіз қойыңыз. Оқушылардан сұраққа толық жауап беруді талап етіңіз:

 1) Шоқан қандай бала болды?

 2) Ол қайда оқыды?

 3) Ол ұстаздарынан нені үйренді?

 4) Кейін Шоқан Уәлиханов қандай адам болды?

 Оқушылар сұрақтарға жауап беріп болған соң, тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша кестеде берілген сөйлемдерді ретімен орналастыруды тапсырыңыз.

 Дескриптор: сұрақтарға жауап береді; сөйлемдер бойынша оқиғаның ретін анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушыларға өз-өздерін смайликтер арқылы бағалауды сұраңыз (алдын ала смайликтер суреті таратылады).

 

 Жазылым. Оқушыларға орны ауысқан әріптерді орнына қойып, сөздердің дұрыс нұсқасын жазуды тапсырыңыз. Жасырылған сөздер: ғалым, зерттеу, атақты, тұңғыш, білімді, қазақтың, дарынды.

 

 

 Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. Оқушыларға Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіңіз (Шоқан Уәлиханов туралы // https://www.youtube.com/watch?v=j-BdIJC4loE; Ғаламшар – Шоқан Уәлиханов // https://www.youtube.com/watch?v=QxiNH_3qVZk).

Айтылым. Тыңдалған, оқылған тақырыпқа қатысты сөздерді сөздіктерден теріп жазғызыңыз. Сол сөздерді орынды қолдана отырып, түсінгендерін жоспар бойынша айтуды тапсырыңыз. Жоспар:

 1. Бала Шоқан

 2. Ұстаздардан үйрену

 3. Ұстаздардың бағасы

 4. Тұңғыш ғалым

 Жауаптарын «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.

Дескриптор: тақырыпқа қатысты сөздерді жазады; жоспар бойынша шағын әңгіме құрайды; тірек сөздерді орынды пайдаланады.

 Үй тапсырмасы. Тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат пен тірек сөздерді пайдалана отырып, Шоқан Уәлиханов туралы әңгіме құрауды тапсырыңыз.

Тірек сөздер: Шоқан Уәлиханов, тұңғыш ғалым, дарынды, білімді, Ресейде, оқу, әдепті, үйренді.

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. «Жетістік баспалдағы» арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу