2-сабақ. Дина күй шертеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


2-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Дина күй шертеді

№1. Сөйлеу қабырғасы

Жаңа сөз

Тура мағынасына жақын сөз

ІРІ

үлкен

Ауыспалы мағынасына жақын сөздер

маңызды

көрнекті

танымал

№2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.

Дина Нұрпейісова – қазақтың атақты күйшісі. Ол кішкене кезінен күй шертеді. Динаның ұстазы – ұлы күйші Құрманғазы. Ол дарынды қызға бата береді. Дина ұстазының жолын жалғастырады. Кейін өзі де күй шығарады. Динаның халық арасында танымал ірі күйлері «Бұлбұл», «Науаи», «Өттің дәурен» және т.б.

№3. Грамматикалық қоржын

Жай сөйлем

1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді.

2. Ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

себебі ...

Құрмалас сөйлем

Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді, себебі ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

№4. Сергіту сәті.

Динаның күйлерін тыңдату.

Ресурстар:

https://massaget.kz/mangilik_el/sikyirlyi_saz/kuy/28312/

https://www.youtube.com/watch?v=c9jlfpQYEmA

№5. Берілген сөйлемдерді оқып, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықта.

Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Дина – қазақтың атақты күйшісі.

2

Дина домбыраны тоғыз жасында үйренді.

3

Дина Құрманғазыны іздеп келді.

4

Дина Құрманғазыдан күй шертуді үйренеді.

5

Құрманғазы – Динаның ұстазы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу