1-сабақ. Дина күй шертеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидатикалық материал.


 1-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Дина күй шертеді

 

 Сабақтың мақсаты:

 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

 3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

 3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

 

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  •  берілген тақырып бойынша сөйлемдер құрайды;
  •  жіктік жалғауын дұрыс қолданады.

 Сабақтың басы.

 Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойынының ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. «КҮЙШІ» сөзінің сызбасын пайдалана отырып, оқушыларға сабақ тақырыбын болжатыңыз, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз.

Оқушылардан сызбадағы «КҮЙШІ» сөзіне қатысы бар сөздер мен сөз тіркестерін атауды сұраңыз. (Оқушылардың ықтимал жауаптары: күй, домбыра, өнер, домбыра тарту, күй үйрену т.б.)

Содан кейін: «Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», деп сұрап, оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатыңыз.

 Жаңа сөздерді меңгерту. 1. «Сөйлеу қабырғалары» арқылы дарынды, атақты, ұстаз сөздерін суреттер, анықтама беру арқылы меңгертіңіз.

 

Дұрыс айт! «Күйші» сөзінің жазылуы мен айтылуындағы ерекшелікке назар аудартып, орфоэпиялық нормаға сай айтқызып үйретіңіз.

 Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз. Сұрақ-жауап арқылы пысықтаңыз. Оқушылардан сұраққа толық жауап беруін талап етіңіз:

  •   Мәтінде кім туралы айтылған?
  •   Дина неше жасынан бастап күй тартып үйренген?
  •   Ауылдастары оны қалай атаған?
  •   Оны кім арнайы іздеп келген?
  •   Атақты күйші Динаны не үшін іздеп келген?

 

Атақты күйші, күй өнері, үйрену, домбырашы қыз, кішкентай қыз, іздеп келді, сүйсіну, бата беру тірек сөздерін бере отырып, оқушылардан жоғарыдағы сұрақтарға жауап алыңыз.

Сұрақтарға жауап алып болған соң, оқушылардың өз-өздерін смайликтер арқылы бағалауын сұраңыз.

Оқылым. Мәтінді әр оқушыға іштей оқытыңыз. Содан кейін топпен дауыстап оқытыңыз. Мәтінді меңгертуде орфоэпиялық норманы сақтап оқытуды назардан тыс қалдырмаңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топтарға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне барынша көбірек сұрақ қойып, сұрағына толық жауап алуды тапсырыңыз.

Топтар бір-бірінің жауабын комментарий айту арқылы бағаласын («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»).

 Дескриптор:

  •  сұрақтар қояды;
  •  сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сергіту сәті. Оқушыларға “Атомдар мен молекулалар” ойынын ойнатыңыз. Ойын жүргізушісін таңдаңыз. Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады.

Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз. Сөйлемнің қай жақ тарапынан айтылып тұрғанын білдіру үшін соңғы сөзге жіктік жалғауының қосылатынын түсіндіріңіз. Осы үлгімен «дарынды», «атақты», «ұстаз» сөздерін ауызша жіктетіңіз (оқушыларды қатар бойынша үш топқа бөліңіз; әр топ бір сөзді дауыстап жіктесін). Жауаптарды «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.

Мен күйші + мін

Сіз күйші + сіз

Сен күйші + сің

Ол күйші

Жазылым. Интербелсенді тақтада берілген жалғастырды, үйренеді, тартады, шертеді, күйші болады деген сияқты тірек сөздерін көп нүктенің орнына қойғызып, дұрыс сөйлем құрастыртыңыз. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.

Жазылым. Интербелсенді тақтада берілген үлгі бойынша сызбаны толтыртып, «Ол кім?», «Ол не істеді?» сұрақтарына жазбаша жауап бергізесіз. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.

Үй тапсырмасы. Төрт жол өлеңді жаттап келуді және сөздік көмегімен өлең мазмұнын түсініп келуді тапсырыңыз.

 Тарт күйіңді, домбыра!

 Төгіл, төгіл, тәтті күй!

 Тау суындай сылдыра

 Желпін, желпін, жел соқтыр!

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. «Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Неліктен?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу