1-сабақ. Дина күй шертеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1-сабақ. Дина күй шертеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау.

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/

септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • Берілген тақырып бойынша сөйлемдер құру.
  • Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Лексикалық минимум

дарынды, атақты, ұстаз

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау:

мен күйшімін, сен күйшісің, сіз күйшісіз, ол күйші

Құндылықтарды дарыту

Өнерді бағалауға үйрету. Күй өнеріне деген сүйіспеншіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Кішкентай Динаның өнерін, іздемпаздығын үлгі ету.

Пәнаралық байланыстар

«Музыка», «Қазақ әдебиеті» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

«Өнер» тарауы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтада «КҮЙШІ» сөзінің сызбасын беру арқылы сабақ тақырыбын болжату, коммуникативтік қатынасқа тарту.

Мұғалім тақырыпқа қатысты «КҮЙШІ» сөзінің сызбасын береді:

Оқушылар осы «КҮЙШІ» сөзіне қатысы бар сөздер мен сөз тіркестерін атайды. Мысалы: күй, домбыра, өнер, домбыра тарту, күй үйрену т.б.

Мұғалім оқушылардан: «Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», деп сұрайды.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу.

Тақырып бойынша сөйлемдер құру.

Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту

Дарынды деп өз қатарынан әлде қайда дамыған, жоғары жетістіктерімен ерекшеленетін адамды айтамыз.

Атақты деп жоғары жетістіктері, таланты арқасында аты көпке танымал, мақтаулы адамды айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаз деген жақсылыққа тәрбиелейтін, үйрететін, білім беретін адам.

Дұрыс айт!

Жазылады: күйші Айтылады: [күйшү]

(Ө) Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтінді екі рет тыңдайды.

“Блиц-бақылау” әдісі: тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (Сұрақтарды мұғалім қояды. Тірек сөздер интербелсенді тақтаға шығарылады. Оқушылардан сұраққа толық жауап беру талап етіледі.)

Тірек сөздер: атақты күйші, күй өнері, үйрену, домбырашы қыз, кішкентай қыз, іздеп келді, сүйсіну, бата беру.

  • Мәтінде кім туралы айтылған?
  • Дина неше жасынан бастап күй тартып үйренген?
  • Ауылдастары оны қалай атаған?
  • Оны кім арнайы іздеп келген?
  • Атақты күйші Динаны не үшін іздеп келген?

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, оқушылар өз-өздерін бағалайды (сабақ алдында оқушыларға смайликтер суреті таратылады).

  • Мен өте жақсы түсіндім. (5 балл)
  • Мен жақсы түсіндім. (4 балл)
  • Мен орташа

түсіндім. (3 балл)

  • Мен түсінген

жоқпын. (2 балл)

 

) Оқылым. Оқушылар топқа бөлінеді. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысады:

Содан кейін әрбір топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар бір-біріне барынша көбірек сұрақ қойып, сұрағына толық жауап алуға тырысады.

Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»).

Дескриптор:

  • сұрақтар қояды;
  • сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сергіту сәті. “Атомдар мен молекулалар” ойыны. Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады.

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.

Сөйлемнің қай жақ тарапынан айтылып тұрғанын білдіру үшін соңғы сөзге жіктік жалғауының қосылатынын түсіндіру.

Мен күйші + мін

Сіз күйші + сіз

Сен күйші + сің

Ол күйші

Осы үлгімен 3 оқушы «дарынды», «атақты», «ұстаз» сөздерін ауызша жіктейді. Жауаптар «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

(Ө) Жазылым. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады.

Тірек сөздер: жалғастырды, үйренеді, тартады, шертеді, күйші болды.

(Т) Жазылым. «Ол кім?», «Ол не істеді?» деген сұрақтарға жауап беріп, сызбаны толтырады.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Төрт жол өлеңді жаттап келу. Өлең мазмұнын түсіндіру.

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл, тәтті күй!

Тау суындай сылдыра

Желпін, желпін, жел соқтыр!

Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Неліктен?

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу