Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың тұңғыш ғарышкері 7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​4.​1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыпқы қатысты сөздерді табады, сөздерді дұрыс жазады

Оқушылардың көпшілігі:

Сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды

Оқушылардың кейбірі:

Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жазуда каллиграфиялық нормаларға сай қатесіз жазады.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп оқиды;

- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады;

- бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады.

Лексикалық минимум

Дара, танымал

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Білімді, талапшыл, еңбекқор болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Тұңғыш қазақ суретшісі № 6 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Сәлем, досым! /амандасады/

Сен қалайсың? /иықтарын қағады/

Қайда болдың? /құлақтарын тартады/

Сен келдің бе? /қолдарын жаяды/

Мен сені сағындым! /қолдарын жүректеріне қояды/

Досым саған ризамын! /құшақтайды/

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Бірнеше оқушы Әбілхан Қастеев туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.

  • Әбілхан Қастеев кім?
  • Оның қандай суреттері бар?
  • Әбілхан Қастеевтің ұстазы кім болды?

Кері байланыс: мадақтау

Сабақтың тақырыбын болжау.

Интербелсенді тақтадан Тоқтар Әубәкіров туралы «Сен білесің бе?» бейнеролигін тамашалайды.

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбы анықтайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- мәтінді мәнерлеп оқимын;

- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданамын;

- каллиграфиялық нормаларды сақтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен білесің бе? Ғарыш.

https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: тұңғыш, жеке

1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.

Танымал – атақты - әйгілі – белгілі

Дара - жеке - дербес

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

Тұңғыш бала. Тұңғыш суретші. Жеке адам. Жеке ой

4. Сөз орамдары мен сөйлемдер құрастыру.

Танымал ғарышкер. Танымал әнші. Танымал адам.

Мен танымал ғарышкермен кездестім.

Дара тұлға. Дара ұстаз. Дара автор.

Тоқтар Әубәкіров - дара тұлға.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

(Ұ) Мәтіналды тапсырма. Оқушылар жұмбақты шешеді.

Күміс қанат сұңқары,Көкке еркін сүңгиді.Бұлттан да тым әрі,Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

- Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі

) Мәтінді мұқият оқиды, кестені толтыр.

Тоқтар Әубәкіров - тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Ғарышта 7 күн болды. Ол ғарышты зерттеді. Осы ерлігі үшін танымал ғарышкерге Халық Қаһарманы атағы берілді.

Тоқтар Әубәкіров

Ғарышқа ұшқан жылы, айы

Ғарышқа ұшқан жері

Берілген атағы

Қосымша ақпарат

кім?

қашан?

қайда?

қандай?

  • Кестеге қарап мазмұнын айт.

Кері байланыс

Кестенің пайдасы болды ма? Неге?

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны

Ұшты-ұшты, зымыран ұшты.Ұшты-ұшты, мұрын ұшты.Ұшты-ұшты, қарлығаш ұшты.Ұшты-ұшты, дәптер ұшты.Ұшты-ұшты, қарға ұшты.Ұшты-ұшты, кітап ұшты.

(Оқушылар мұғалімді тыңдайды. Қимыл арқылы көрсетеді)

(Ө) Жазылым.

Сөйлемдегі жоғалған сөздерді оқушылар тауып айтады. Дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.

Тоқтар Әубәкіров _______________ болуды армандады. Ол _____________ болды. Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ _____________. Тоқтар Әубәкіров - _____________ тұлға.

Көмекші сөздер: ұшқыш, білімді, ғарышкері, дара, танымал.

«Қатесін тап» ойыны арқылы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп бағалайды.

Дескриптор:

- бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады;

- қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс жазады.

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Мұғалімнен кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?

Сабақты қорытындылау. «Сен қандайсың?» ойыны.

- Балалар, кім ғарышкер болғысы келеді?

- Ғарышкер болу үшін қандай болу керек? Сендердің қандай жақсы қасиеттерің бар?

Кезектесіп айтады: «Мен ...... +мын, мін»

Мен ақылдымын! Мен білімдімін! Мен еңбекқормын! Мен Мен қиындықтан қорықпаймын! Мен мықтымын! Мен айға ұшамын! Мен ғарышқа ұшамын! Мен ғарышкер боламын! Мен еліме қызмет етемін! Мен Отанымды жақсы көремін!

Уикпедия Тоқтар Әубәкіров

https://kk.wikipedia.org/wiki/Тоқтар_Оңғарбайұлы_Әубәкіров

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында «Ай» әдісі арқылы (жарты ай, толық ай) кері байланыс стикерін таратады.

Толық ай – сабақты толық түсіндім;

Жарты ай – мен жартылай түсіндім, әлі де сұрақтарым бар.

Үй жұмысы

1. Қандай қазақ ғарышкерлерін білесің? Олар ғарышқа қашан ұшты?

2. Жаңа сөздерді қолданып, 2 сөйлем құрастыру.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу