Әнші Әміре № 5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әнші Әміре 5

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

    • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған мәтінді түсінеді, мұғалімнің көмегімен нұсқауларды орындайды, қарапайым сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдағана мәтін бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, үлгі бойынша жай және құрмалас сөйлем құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, нұсқауларды өз бетінше орындайды, жай және құрмалас сөйлем құрастыруда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- тыңдағана мәтін бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды;

- үлгі бойынша жай және құрмалас сөйлем құрастырады.

Лексикалық минимум

Әлем, аудару

Грамматикалық минимум

Жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Әміре Қашаубаевтің әншілік өнерін бағалау, үлгі тұту, қадірлеу

Пәнаралық байланыстар

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Академик Қаныш Сәтбаев № 4 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Тілді жаттықтыру: Ойын «Жүректен жүрекке»

Сабақты бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне өздері білетін сөздерді айтып, жақсы тілек білдіреді. Мен саған ... тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік). Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады.

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.

  • Қаныш Сәтбаев кім?
  • Ғалым немен айналысты?
  • Қаныш Сәтбаевтің еңбектері қандай?

Кері байланыс: мадақтау

Болжау.

Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

- Суретте кімдерді көріп тұрмыз?

- Олар не істеп тұр?

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- тыңдағана мәтін бойынша нұсқауларды орындаймын;

- сөйлемдер құрастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Уикипедия Әміре Қашаубаев

https://kk.wikipedia.org/wiki/Әміре_Қашаубаев

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: әлем, аудару

1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.

Әлем – ғалам – кеңістік пен уақыт бойынша шеті мен шегі жоқ дүниежүзі.

Аудару –бір тілден екінші тілге аудару. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару. Ағылшын тілінен орыс тіліне аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

Бүкіл әлем. Қазақ тіліне аудару.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен әлемдегі үлкен қалаларға барамын. Қаныш Сәтбаев бүкіл әлемге әйгілі. Әңгімені қазақ тіліне аударамын.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

Қызығушылықты ояту. Тыңдалым алды жұмыс.

) Оқушылар «Ән», «Әнші» деген сөздерге ассоциацияларын айтады.

  • Қандай қазақ әншілерін білесіңдер?
  • Қандай қазақ әндерін білесіңдер?

Кері байланысты «Үш шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Қызығушылықты ояту. Мәтіналды жұмыс.

Әміре Қашаубаев туралы бейнеролик көрсету.

«Сен білесің бе? Әміре Қашаубаев»

) Мәтінді екі рет мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Әмір Қашаубаев - атақты әнші, актер, музыкант. Ол Шығыс Қазақстан облысында 1888 жылы туған. Әміре бала кезінен ән айтады. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл әлем бойынша сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос» әндерін орындады. Екінші орын және күміс медаль алды. Өзінің керемет дауысымен халықты таңғалдырды. Әміре Қашаубаев шет елде ән айтып, қазақ елін бүкіл әлемге танытты.

(Ұ) Ой қозғау

  • Мәтін кім туралы?
  • Әміре Қашаубаев кім?
  • Ол қайда және қашан туған?
  • Ол қазақ елін әлемге танытты ма? Қалай?
  • Оның қандай әндері бар?

Тірек сөздер: әнші, актер, ән айтады, Шығыс Қазақстан облысы, бала кезінен, Бүкіл әлемдік сән көрмесі, күміс медаль, шет елде, керемет дауыс.

Кері байланыс:

жақсы

орташа

төмен

(Ж) Берілген сөйлемдерге «иә» () немесе «жоқ» (×) деп жауап береді.

Әміре Қашаубаев - әйгілі әнші

Ол Батыс Қазақстан облысында туған.

Әміре бала кезінен ән салады.

Әміре Лондонда ән айтты.

Әміре Қашаубаевтің «Ағаш аяқ» деген әні бар.

Оның дауысы керемет.

Әміре қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан жоқ.

Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, жұптар бір-бірін тақтадан дұрыс жауапқа қарап, бағалайды.

Дескриптор:

  • тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті:

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді)

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Жай және құрмалас сөйлем

Мысалы:

Қарапайым сөйлем: Әміре Қашаубаев Парижде ән айтты.

Күрделі сөйлем: Әміре Қашаубаев талантты әнші, себебі оның керемет дауысы бар.

Мен концертке барамын және әншілерді тыңдаймын.

(Ө) «Адасқан сөздер» әдісі. Сөздердің орнын тауып, ретін санмен белгілейді. Сөздерден сөйлем құрастырып айтады.

Әнші / Әміре Қашаубаев /атақты

Облысында / ол / туған / Шығыс Қазақстан

Бала кезінен /ән айтады / Әміре

«Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос» / 1925 жылы / әндерін орындады / Парижде

Әміре/ алды / екінші орын иеленді / және / күміс медаль /

Өзінің / таңғалдырды / керемет дауысымен / халықты

/Бүкіл әлемге танытты / Әміре /қазақ елін /, себебі / ән айтты / шет елде.

Дескриптор:

  • сөйлемдегі сөздердің ретін анықтайды;
  • берілген сөздермен дұрыс сөйлемдер құрастырады;
  • жай және құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

«Сен білесің бе? Әміре Қашаубаев»

https://www.youtube.com/watch?v=njrr6cscBsg

Әміре Қашаубаев

https://www.youtube.com/watch?v=FZG9yrpnREc

Әміре Қашаубаев

https://www.youtube.com/watch?v=H9tVopdnhEI

Әміре Қашаубаев «Дударай»

https://www.youtube.com/watch?v=fVrZ3XXBelo

Париж аспанын әнге бөлеген Әміре Қашаубаев 1925 жылғы дауысы «Балқадиша»

https://www.youtube.com/watch?v=HbKhn88IiDk

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Нысана».

Үй жұмысы

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолданып, екі жай сөйлем, екі құрмалас сөйлем құрастыру.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу