Көрнекті ұстаз № 3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрнекті ұстаз № 3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен постер құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіннің жанрын ажыратады, тірек сөздер бойынша постер құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, постерді қорғайды.

Бағалау критерийлері

- оқыған мәтіннің жанрын анықтайды;

- тірек сөздер арқылы постер құрастырады;

- жіктік жалғауларды дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Ұстаз, білімді

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғаулары

Құндылықтарды дарыту

Ұстазға құрмет көрсетуді біледі

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы № 2 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Тілді жаттықтыру: Ойын «Сенім аралы»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру.

Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжау.

- Суретте кімерді көріп тұрсыңдар?

- Мұғалім не істейді?

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс қолданамын.

 

 

 

 

 

Уикипедия

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ыбырай_Алтынсарин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: ұстаз, білімді

Сөздерді суреттері, синонимдері арқылы және түсінік беру арқылы меңгерту.

Синонимдері:

Ұстаз – мұғалім – педагог – оқытушы

Білімді – білікті – білімдар

Түсініктеме беру:

Ұстаз – балаларды жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. (Ұстазым бар. Ұстазды сыйлау керек. Ұстаз көп білім береді).

Білімді – білімі бар адам. (Білімді адам, білімді ұстаз, білімді жастар)

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын.

Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді. 

Менің ұстаз+ым

Сенің ұстаз+ың

Сіздің ұстаз+ыңыз

Оның ұстаз+ы

Біздің ұстаз+ымыз

Сендердің ұстаз+дар+ың

Сіздердің ұстаз+дар+ыңыз

Олардың ұстаз+дар+ы

(Ж) Оқушылар тәуелдік жалғауын қолдана отырып, сұхбақта түседі.

- Сенің сүйікті ұстазың бар ма?

- Иә, менің сүйікті ұстазым бар.

- Сенің сүйікті ұстазың кім?

- Менің сүйікті ұстазым Назым Сұлтановна.

(«Сүйікті» деген сөздің орнына «бірінші, алғашқы» сөздерімен алмастыруға болады)

Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, жұптар бір-бірін төмендегідей бағалайды.

жақсы

орташа

төмен

(Ж) Мәтінді оқиды. Кестені толтырады.

Ұстаз – дара тұлға. Барлық адамдар ұстаздан білім алады. Ұстаз болу үшін білімді болу керек. Қазақтың алғашқы ұстазы – Ыбырай Алтынсарин. Ол Қостанай облысында дүниеге келген көрнекті білімді ұстаз, жазушы. Алғаш мектеп ашқан, әліппе жазған. Оқушылар оның өлеңдерін жатқа біледі.

Мәтін атауы

Ұстаз болу үшін қандай болу керек?

Қазақтың алғашқы ұстазы кім?

Ы.Алтынсарин кім?

Ы.Алтынсарин не істеді?

  • Кестеге қарап мазмұнын айт.

Кері байланыс. Жасыл немесе қызыл түсті стикер қағаздарымен тапсырманы орындаудағы көңіл-күйін білдіреді. Жасыл түс – тапсырма мен үшін қызықты да түсінікті болды, ал қызыл түс – тапсырманы орындау қиындық тудырды.

Сергіту сәті:

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

(Ұ) Мұғалім «Әдебиет үйірмесі» әдісімен Ыбырай Алтынсариннің өлеңін мәнерлеп оқып береді, бірнеше оқушыларды оқытады, талдайды.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнанІздемей-ақ табылар.

(Т) Постер құрастыру:

Оқушылар 2 топқа бөлінеді, әр топта 5-6 оқушыдан болу керек. Топ мүшелерінің әрқайсысында өз міндеті болады.

1-оқушы – баяндап беруші. Өлеңдегі негізгі ойды, жанрын анықтайды.

2-оқушы – зерттеуші. Авторды сипаттайды.

3-оқушы – сұрақ құрастырушы. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

4-оқушы– сілтеме табушы. Өлең бойынша сөздік жасайды.

5-оқушы – суреттеуші. Өлең мазмұны бойынша сурет салады.

Дескриптор:

  • мәтіннің негізгі ойын, жанрын анықтайды;
  • автор туралы айтады;
  • 3 сұрақ құрастырады;
  • 3 сөзге сөздік жасайды;
  • сурет салады;
  • тірек сөздерді қолданып, постерді қорғайды.

Тірек сөздер: оқу, білім, туралы, шақыру, ойлану, мұқият, тілек, мақсат қою.

Кері байланыс. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Таратпа материалдар

Кел, балалар, оқылық!

https://www.youtube.com/watch?v=mZp3xoGXjWI

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі

Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым

Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін

Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз

Үй жұмысы

Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жаттап келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу