10-сабақ. Музейдегі көне заттар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
10-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Музейдегі көне заттар
Сабақтың мақсаты:
2.4 Оқыған/тыңдаған материлды мазмұндау
3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру
Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
1.Мәтінді сызба, жоспар бойынша мазмұндаймыз.
2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастырамыз.
3. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы алтын сөзін суреттер арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөзді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: алтын сөзімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, Алтыннан қандай заттар жасалады? Музейде Алтын адам ескеткіші бар.
Тыңдалым. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдірумен қатар, сабақта алынған жаңа сөздердің есте сақтап, мазмұнын түсінуге арналады.
Тыңдалым мәтіні:
Бұл - Орталық музей. Ол үшқабатты. Бірінші қабатта ұлттық аспаптар: домбыра, қобыз, сазсынай бар. Екінші қабатта сандықтар, құмыралар, кеселер бар. Үшінші қабатта Алтын адам ескерткіші бар. Ол бұрын жауынгер болған. Оның киімі алтыннан қапталған.
Оқушылар мұғалімнің нұсқауына сүйене отырып, оқушылар мәтінді тыңдайды. Оқушылар мәтінмен танысып болғаннан кейін, төмендегі тапсырманы орындатыңыз.
Оқушылар Әлібектің музейде көрген көне заттардың сызбасын салады. Сызбаға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтады. Төменгі дескрипторлар негізінде бағалатыңыз:
- оқиғаны сызбаға түсіреді;
- сызбаға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады.
Сыныптастар бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқылым. Мұғалім мәтінді дауыстап оқып, мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді, ондағы кейбір мағыналары түсінуге қиындық келтіретін сөздерді суреттер арқылы немесе қысқаметражды бейнефильмдер арқылы түсіндіру ұтымды. Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылданғандарын төмендегі сұрақтар арқылы тексеріледі.
- Әлібек қайда барды?
- Ол музейде не көрді?
- Кімге не ұнады?
- Сен қандай музейге бардың?
- Саған не ұнады?
Дескрипторлар:
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Айтылым. Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыратын тапсырма. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, Әлібек пен Әнелдің музейге барған суреттерін сипаттайды. Оқушылар келесі суреттерді сипаттай алу үшін, мұғалім ол суреттерде қандай заттар бар екенін оқушылардың өздеріне айтқызу керек. Одан соң қандай қимыл әрекеттер бейнеленіп тұрғанын сұрау керек. Одан соң, оқулықтағы (5-тапсырмадағы) суретке қарап, кестені толтырады.
Дескрипторлар: |
|
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.
- Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
- Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
- Мен орташа түсіндім.(3 балл)
- Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
- Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)
Жазылым. Оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушылар топқа бөлініп, сызба бойынша сөйлем құрап, жазады. Мұғалім дұрыс құрылған сөйлемді дәптерлеріне жаздырады. Тапсырманы орындауда «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз.
Үйге тапсырма: 4-тапсырма.
Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Жасыл түсінікті, Сары орташа, Қызыл түсініксіз. Қызыл түсті дөңгелек көтерген оқушылармен қосымша жұмыс жасаған дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?