10-сабақ. Музейдегі көне заттар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: А. Сейтбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10-сабақ. Музейдегі көне заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4 Оқыған/тыңдаған материлды мазмұндау

3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру

Сабақ мақсаттары

1.Мәтінді сызба, жоспар бойынша мазмұндау.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру.

3. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді. Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрайды.

Оқушылардың көпшілігі: Сызба, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: тақырып аясында өздері барған музейдегі көрген қызықтарыммен бөліседі.

Бағалау критерийлері

  • Сызба бойынша мәтінді мазмұндайды.
  • Орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құрастырады.
  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Лексикалық минимум

алтын

Грамматикалық минимум

Жай сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Суреттен нені көріп тұсыңдар?

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:

1.Мәтінді сызба, жоспар бойынша мазмұндау.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру.

3. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Сабақтың тірек (алтын) сөзін суреттер, сұрақ-жауап арқылы меңгерту.

Алтын

Алтын адам

Алтыннан қандай заттар жасалады?

Музейде Алтын адам ескеткіші бар.

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді екі рет мұқият тыңдайды.

Оқушылар Әлібектің музейде көрген көне заттардың сызбасын салады. Сызбаға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтады.

Мысалы,

Бірінші қабат

Екінші қабат

Үшінші қабат

Дескрипторлар:

  • оқиғаны сызбаға түсіреді;
  • сызбаға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады.

Сыныптастар бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

(Т) Оқылым. Оқушылар мәтінді мұқият оқып шығады.

А) Сұрақтарға жауап береді:

  • Әлібек қайда барды?
  • Ол музейде не көрді?
  • Кімге не ұнады?
  • Сен қандай музейге бардың?
  • Саған не ұнады?

Дескрипторлар:

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

(Ө) Айтылым. Оқулықтағы (5-тапсырмадағы) суретке қарап, кестені толтырады.

Әлібек музейге қай күні барды?

Музейде Әлібекке не ұнады?

Қосымша

Әнел музейге қай күні барды?

Музейде Әнелге не ұнады?

Қосымша

Дескрипторлар:

  • кестедегі сұрақтарға жауап береді.
  • тірек сөздерді орынды қолданады.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
  • Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
  • Мен орташа түсіндім.(3 балл)
  • Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
  • Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)

(Ө) Жазылым. Сызба бойынша жай сөйлем құрайды.

Атам

Әжем

Әкем

Анам

Ағам

Досым

Раушан апай

Құмыра

Кесе

Ыдыс

Сурет

Киім

Алтын адам

туралы айтты

Үйге: 4-тапсырма.

Рефлексия.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу