Мақпал Мыса (Алматым, аңсарым-ай...)

 Мақпал Мыса (Алматым, аңсарым-ай...)

Көз ілсек түске енеді ауылымыз,
Әйтеуір басылмады жауынымыз.
Асығы алшысынан түскен қала,
Сіздің де бүтін бе екен бауырыңыз?

Алматым, аңсарым-ай, арда құсым,
Алаштың баласының арманысың.
Аспанға Алатауым қол созады,
Арманын ақындардың жалғау үшін.

Сыйғызар сағынышын сайын дала,
Әуені сұранатын қайырмаға.
Жәннаты жұмыр жердің бетіндегі
Алматы – шәрбат қала, шайыр қала.

Мен де еккем гүл мекенге дара шыбық,
Шабыттың шалқұйрығын таң асырып.
Бұл қала самғар болсаң қанат байлап,
Жіберер Алатаудан әрі асырып.
Көктемін, сосын жомарт күзін көрем,
Секілді үзік ойлар, үзінді өлең.
Мен сенен Мұхтар, Қасым, Мұқағали
Бастаған ұлылардың ізін көрем.

Жерұйық Жетісуда жетілгенмен,
Бұл тірлік сыртын берген, бетін берген.
Жанымның жанарының жасын сүртер
Бұлттары шәйі орамал секілденген.

Сыйлайтын бойға қуат, жанға жалын,
Армандай аяулы екен арналарың.
Етегін Көктөбенің көктем түрсе,
Аралап кетер едім алма бағын.

Самалы сарнап ескен сардаладан,
Жаныңа жақсылықты жалғап ағам.
Алматы – арна қалам, алма қалам,
Ақын ба саған өлең арнамаған?

Жаныма жыр сыйлайды отты лебің,
Көктөбе, көк тіреген тектім едің!
Асығы алшысынан түскен қала,
Бауырың бүтін болсын деп тіледім.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: мақпал мыса Алматым аңсарым-ай... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Алматым аңсарым-ай..., алматы туралы олен стихи өлең казакша, алматы каласы туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему алматы на казахском языке скачать, алматы қаласы туралы олен стихи өлең, олен стихи өлең казакша, казакша, олен стихи өлең, алматы каласы, олен стихи өлең олен стихи өлең на тему алматы, алматы туралы олен стихи өлең, Қазақша олен стихи өлең: алматы туралы казакша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про алматы город, алматы туралы казакша олен стихи өлең қазақша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про город алматы, на казахском языке скачать, скачать, на тему алматы, алматы туралы, қазақстан қалалары туралы олен стихи өлең, казакстан калалары туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, олен стихи өлең на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, олен стихи өлең на тему казакстан калалары, города казахстана олен стихи өлең на казахском скачать, алматы қаласы туралы өлеңдер, almaty turaly olen stihi өleң kazaksha, almaty kalasy turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu almaty na kazahskom yazyke skachat, almaty қalasy turaly olen stihi өleң, olen stihi өleң kazaksha, kazaksha, olen stihi өleң, almaty kalasy, olen stihi өleң olen stihi өleң na temu almaty, almaty turaly olen stihi өleң, Қazaқsha olen stihi өleң: almaty turaly kazaksha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro almaty gorod, almaty turaly kazaksha olen stihi өleң қazaқsha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro gorod almaty, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu almaty, almaty turaly, қazaқstan қalalary turaly olen stihi өleң, kazakstan kalalary turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, olen stihi өleң na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana olen stihi өleң na kazahskom skachat, almaty қalasy turaly өleңder