Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...)

 Мақпал Мыса (Таңын сыйлар тағдырым...)

Шарасына шуағы толған Ай, Күн,
Қуанышы бола біл,
болма қайғым!
Аясында Аспантау аяулы әнім,
Алыстады қыр асып жорғалай күн.

Құстар ертіп таң ұзақ құба белден,
Дүбіріме сабылып бұлақ ерген.
Маңдайыма тағдырдың жазғаны бар,
Жаны жырға ғашық боп туа келген.

Шуаққа орап жанымды жырға ғашық,
Қайран күндер барады қырдан асып.
Толқындарым толқитын кезді күттім-
Тамып түсер тамызда жылғаға шық...

Жырларымның көзінен арай көрем,
Таңын сыйлар тағдырым талай берен.
Өмір жайлы...
Бір өлең бастап қойып,
Аяқтағым келмей жүр қалайда мен...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі