Мақпал Мыса (Мен керекпін!!!)

 Мақпал Мыса (Мен керекпін!!!)

Мен керекпін жерге, суға, отқа да,
Керек болсам,
іздей бергін тоқтама...
Мен керекпін аспаниық көкке де,
Ғайып болсам мені әсте жоқтама.

Мен керекпін нұрға, нөсер жаңбырға,
Керек болсам,
тауып алғын қаңғыр да...
Мен керекпін ағып жатқан су екеш,
Су түбінде жатқан жалбыз балдырға.

Мен керекпін күнге, әсем гүлге де,
Қараңғыға қамап тастар түнге де.
Мен керекпін жұлдыздарға, айға да,
Мені әншейін бұл тірлікте жүр деме.

Мен керекпін аспаниық тауларға,
Туыс-бауыр, дос-дұшпанға, жауларға.
Мен керекпін бақытыма, барыма,
Сор боп сенің басыңда құр қалмауға!

Мен керекпін өртке, қызыл жалынға,
Отыра бер, несібеңнен қағыл да...
Мен керекпін әйгілейтін атымды
Қара өлеңмен шекпен жабар дарынға!

Мен керекпін жаны дархан далама,
Ауылыма, қыран тектес қалама,
Мен керекпін ЖАҚСЫЛАРҒА осыны
Жақсыоап бір түйіп алғын санаңа!!!

Мен керекпін ұзақ мәнді жасауға,
Отырсам да сенен жырақ тасауда.
Аһ ұрғызар кештігіңді керегім,
Сонда өкініп жанарыңа жас алма.

Ойнап күліп жүре бергін ән сал да,
Мейлі жылы қарсы ал...
мені қарсы алма,
Мен керекпін жырым барда әлемге,
Жалғыз саған керек емес болсам да!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!