4-сабақ. Ағам қобыз тартады. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
4-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Ағам қобыз тартады
Сабақтың мақсаты:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабаққа қажетті ресурстар: қобдиша, интербелсендітақта, таныстырылым.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз;
- Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаймыз;
- Жай және құрмалас сөйлемдер құрамыз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы қобыз, күйші, үн сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз.
2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
қобыз, күйші, үн сөздерімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, қобыздың үні.
Келесі сұрақтарды қойыңыз:
Домбыра, қобыз тарту қандай өнерге жатады?
Домбыра, қобыз тартатын адамды қалай атайды?
Тыңдалым. Мәтін тыңдалмастан бұрын оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойылады: Мұражайға бардың ба? Мұражайда не көрдің?
Тыңдалым мәтіні
Әлібек пен Аня мұражайға барды. Мұражай кең және жарық. Олар екінші қабатқа көтерілді. Онда қобыз, сырнай, асатаяқты көрді. Әлиханға қобыз ұнады. Содан ол қобыз үйірмесіне қатысты.
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдатыңыз. Оқушыларға мәтін бойынша тұсінуге қиын келген сөздерді мағынасын түсіндіріңіз. Оқушылар мәтін бойынша келесі сұрақтарды қойыңыз.
- Олар қайда барады?
- Мұражайда қандай аспаптар бар?
- Әлібекке қандай аспап ұнады?
“Өзіндік бағалау” әдісін қолданыңыз. Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес? Содан кейін мәтін бойынша үш сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салдырыңыз. Үш оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар жауаптардың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі келесі тапсырманы орындатыңыз. Оқушыларға тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелетіңіз. Тірек сөздер: қобыз, үн, мұражай.
Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар төмендегі дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтуы;
- тірек сөздерді дұрыс қолдануы;
- сөйлем құрылымын сақтауы.
Грамматикалық қоржын. Сабақтың мақсатына сәйкес жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының кестесін көрсетіңіз. Оқушыларға грамматикалық қоржындағы мысалдарды дауыстап оқып, айырмашылығын түсіндіріңіз. Қабілеті жоғары оқушыларға жай сөйлем мен құрмалас сөйлемге мысалдар келтіртіңіз. Одан кейін тақтаға осы секілді мысалдар жазып, қабілеті орташа оқушыларға талдатыңыз.
Жай сөйлем |
Әлихан күйді жақсы көреді. |
Құрмалас сөйлем |
Әлихан күйді жақсы көреді, сондықтан қобыз үйірмесіне қатысады. |
Сергіту сәті: «Айна“. Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
Оқылым. Оқушылар төмендегі мәтінді «Бірлесіп оқыту» әдісімен оқытыңыз.
Оқылым мәтіні:
Менің ағам бар. Ол он бес жаста. Ағамның аты – Әлихан. Ол музыка мектебінде оқиды. Ағам қобыз тартады. Әлихан қобызда әртүрлі күй ойнайды. Ол – күйші.
Мәтінді оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртыңыз. Топтар барынша бір-біріне көбірек сұрақтар қоюлары керек. «Жаңбырлы сұрақтар» әдісін қолданыңыз. Бұл әдіс былайша жүргізіледі:
Әр сұрақты жеке-жеке кішкентай қағазға жазып, екінші топқа лақтырады. Қарсы топ өз сұрақтарын лақтырады. Топтар бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді. Сұрақтар төмендегідей болуы ықтимал: Сенің ағаң бар ма? Ол неше жаста? Оның аты кім? Әлихан қай мектепте оқиды? Ол қандай аспапта ойнайды?
Топтар өзара жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»)
Жазылым. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Тапсырманы «Суреттер сөйлейді» ойын арқылы оқулықтағы жазылым тапсырмасын орындатыңыз. Оқушылар оқулықта берілген сөйлемдердің мазмұнына сәйкес тиісті суретті тауып, сөйлем құрап жазады. (Таныстырылымда суреттер берілген). Қай жұп жылдам, әрі қатесі орындаса, жеңімпаз атанады.
Айтылым. Оқушыларды үш топқа бөліп, «Сиқырлы қобдиша» ойынын ойнатыңыз. Үш топқа жеке-жеке сөздер таратыңыз. Әр топ өздеріне тиесілі сөздерден сөйлем құрайды.
1. Менің, музыка, ағам, оқиды, қобыздың, үлкен, мектебінде, бар, ағам, қобызда, жақсы, ойнайды, ол, үні, күй, ұнайды, Әлихан, қобызды, маған, тартады.
2. Оқушылар сөйлем құрап болған соң, топтарға келесі сөйлемдерді жалғастырып айтқызыңыз.
А) Менің ағам қобыз тартады, себебі ............. .
Ә) .................................., сондықтан көп тыңдаймын.
Б) Әлихан күй тартқанды жақсы көреді, сондықтан ........
«Бас бармақ» әдісі немесе комментарий айту (мұғалімнің бағалауы) арқылы бағалатыңыз.
Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Берілген ақпараттардың дұрыстығын белгілейді.
Рефлексия. «Пайыздық көрсеткіш»
25 % 50% 75% 100%
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?