4-сабақ. Ағам қобыз тартады. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Сейтбекова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

4-сабақ. Ағам қобыз тартады.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

  •  Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
  •  Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау.
  •  Жай және құрмалас сөйлемдер құру.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады, тақырып бойынша жай сөйлемдер құрайды.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы айтады.

Жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Лексикалық минимум

қобыз, күй, үн

Грамматикалық минимум

Жай сөйлем. Құрмалас сөйлем.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қызығушлығын ояту

Пәнаралық байланыстар

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Інім ән айтады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ мақсатымен таныстыру:

  • тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну;
  • оқыған мәтіннің мазмұнын айту;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.

Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

Қандай айырмашылық байқап тұрсыңдар?

 

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (қобыз, күйші, үн)

суреттер, сөйлемдер мен сұрақ-жауап арқылы меңгерту.

Қобыз

Күйші

Қобыздың үні

Домбыра, қобыз тарту қандай өнерге жатады?

Домбыра, қобыз тартатын адамды қалай атайды?

(Ұ) Тыңдалым.

Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойылады:

Мұражайға бардың ба?

Мұражайда не көрдің?

(Ө) Тыңдалым мәтіні

Әлібек пен Аня мұражайға барды. Мұражай кең және жарық. Олар екінші қабатқа көтерілді. Онда қобыз, сырнай, асатаяқты көрді. Әлиханға қобыз ұнады. Содан ол қобыз үйірмесіне қатысты.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

  • Олар қайда барады?
  • Мұражайда қандай аспаптар бар?
  • Әлібекке қандай аспап ұнады?

“Өзіндік бағалау” әдісі: Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?

Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.

Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.

Тірек сөздер: қобыз, үн, мұражай.

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.

Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.

Дескриптор:

  • тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтуы;
  • тірек сөздерді дұрыс қолдануы;
  • сөйлем құрылымын сақтауы.

Кері байланыс

Грамматикалық қоржын

Жай сөйлем

Әлихан күйді жақсы көреді.

Құрмалас сөйлем

Әлихан күйді жақсы көреді, сондықтан қобыз үйірмесіне қатысады.

Сергіту сәті: «Айна“. Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.

(Т) Оқылым. Топта бірлесіп оқиды. Оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар барынша бір-біріне көбірек сұрақтар қоюлары керек.

«Жаңбыр сұрақтар» әдісі бойынша әр сұрақты жеке-жеке кішкентай қағазға жазып, екінші топқа лақтырады. Қарсы топ өз сұрақтарын лақтырады. Топтар бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді.

Оқылым мәтіні

Менің ағам бар. Ол он бес жаста. Ағамның аты Әлихан. Ол музыка мектебінде оқиды. Ағам қобыз тартады. Әлихан қобызда әртүрлі күй ойнайды. Ол күйші.

Мәтін бойынша сқрақтарға жауап береді:

Сенің ағаң бар ма?

Ол неше жаста?

Оның аты кім?

Әлихан қай мектепте оқиды?

Ол қандай аспапта ойнайды?

Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»)

(Ж) Жазылым. Тапсырма «Суреттер сөйлейді» ойыны арқылы орындалады. Оқушылар тиісті суретті тауып, сөйлем құрап жазады.

Менің _________________ бар.

Ол _________ жаста.

12

13

14

Әлихан _________мектебінде оқиды.

) Айтылым. Оқушылар үш топқа бөлініп, «Сиқырлы қобдиша» ойыны ойналады. Үш топқа жеке-жеке сөздер таратылады. Әр топ өздеріне тиесілі сөздерден сөйлем құрайды.

1. Менің, музыка, ағам, оқиды, қобыздың, үлкен, мектебінде, бар, ағам, қобызда, жақсы, ойнайды, ол, үні, күй, ұнайды, Әлихан, қобызды, маған, тартады.

2. Оқушылар сөйлем құрап болған соң, топтарға келесі сөйлемдерді жалғастырып айтқызады.

А) Менің ағам қобыз тартады, себебі ............. .

Ә) .................................., сондықтан көп тыңдаймын.

Б) Әлихан күй тартқанды жақсы көреді, сондықтан ........

«Бас бармақ» әдісі немесе комментарий айту арқылы бағалау(мұғалімнің бағалауы)

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 5-тапрсырма. Берілген ақпараттардың дұрыстығын белгілейді.

Рефлексия. «Пайыздық көрсеткіш»

25 % 50% 75% 100%

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу