Бидің бәрі тамаша №5 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

5-бөлім

Өнер

5-сабақ

Бидің бәрі тамаша

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысымен қатар жазылым дағдысын дамыту көзделедеі. Оқыған мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жазуға дағдыланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлеу және жазуға үйренеді.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін мазмұнын жазады

Оқушылардың көпшілігі: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәтін мазмұнын өз сөзімен жазады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өзіндік пікірін айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Алдыңғы сабақта өткен тақырыпты, сөздерді еске түсіру мақсатында «ИӘ» және «ЖОҚ» ойынын ойнатудан бастаңыз. «ИӘ» және «ЖОҚ» сөздері жазылған екі қағаз қарама-қарсы қойылған екі орындыққа қойылады. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпарат айтылады. Мұғалім бір сөйлемді оқыған кезде, екі топтан бір-бір оқушы ортадағы орындықтың біреуіне жылдам отыруы керек. Дұрыс жауапқа сәйкес орындыққа көбірек отырған топ жеңіске жетеді.

Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Биші – би билейтін адам

Қимыл (қимыл көрсету арқылы)

Қазақстанда атақты бишілер көп.

Маған «Қара жорға» биінің қимылдары ұнайды.

Бұдан кейін сөйлеу дағдыларын дамыту үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз.

  • Би билегенді ұнатасың ба?
  • Қай халықтың билерін білесің?
  • Сыныбыңда би үйірмесіне кім қатысады?

Түрлі халықтардың билерін таныстырылымнан көрсетіңіз. Қай халықтың биі екенін, би қимылдарын көрсетіп, бір-екі сөйлеммен айтып берулеріне болады.

Бұдан кейін әр оқушы өздігінен би туралы мәтін оқиды. Оқыған мәтіндегі сөздермен жұмыс жасайды. Бұл тәсіл оқушылардың сөздердің мағыналарын меңгеріп, естерінде сақтауларына ықпал етеді. Кестенің төрт ұяшығына мәтіннен бірнеше сөздер жазады. Орындап болған соң, ең жиі қолданатын сөздерді сынып бойынша анықтаңыздар. Мүлдем қолданылмайтын сөздердің синонимдерін ұсыныңыз.

Білемін/қолданамын

Білмеймін/қолданамын

Білемін\қолданбаймын

Білмеймін/қолданбаймын

Бұдан мәтін мазмұнына қатысты тапсырманы орындап болғаннан кейін, жауаптарын бірге талқылаңыз. Бұл келесі жолы осы үлгідегі тапсырманы қатесіз орындауларына ықпал етеді.

Келесі тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Осы уақытқа дейін мәтін бойынша жоспар құру дағдылары қалыптасқан болса, оқушылар өздеріне орындатыңыз. Егер жоспар құруды білмесе, бірлесіп құрыңыздар. Тақтада өзіңіз оқушылар сұрақ қоя отырып, оқушылардың қатысуымен жоспар құрыңыздар.

Ықтимал жауап:

  • Би өнері.
  • Бидің түрлері.
  • Бидің пайдасы.

Бұдан кейінгі тапсырмада әр оқушы өзі жоспар мен тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұнын жазады. Тірек сөздердің мағынасын толық түсінетіндіктерін тексеріп алыңыз.

Дескрипторды бірлесіп құруларыңызға болады болмаса дайын дескрипторды ұсыныңыз. Дескриптормен алдын-ала таныстырыңыз.

Дескриптор:

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын жазады.
  • Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Сыныпта қолдауды қажет ететін оқушылар болса, «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз. 3-4 оқушыдан құрылған топты бағыттай отырып(сұрақ қою арқылы) жұмыс жасатыңыз. Қалаулары бойынша бірнеше оқушы жұмыстарын оқиды. Сыныптастар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Бір халықтың биін көріп, 2-3 қимылын дәптерге жазып келеді. Бұл тапсырманы орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, басқа тапсырмамен алмастырыңыз. Түрлі халықтардың билерінің тізімін жасасын (қабылдау деңгейлері төмендеу оқушылар үшін).

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. «Бас бармақ» тәсілі арқылы сабаққа рефлексия жасатыңыз. Бірнеше оқушыдан сұраңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу