Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені)

 Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені)

Ей,
қайранда таудың өзені,
Баратын жерге тасып бар!
Бабамнан қалған сөз еді:
- Түн тілін ұғар ғашықтар.

Тау суын талай сағынғам,
Толқыны қандай дарасың!
Дірілдеп тұрған жанымнан
Дүрілдеп өтіп барасың.

Бағым да сенсің,
ырысым,
Ағысы асау арлы едің.
Түндердің бұзған тынышын,
Өлең бе едің,
ән бе едің?

Ей,
қайранда таудың өзені,
Бастауын алған шыңдардан.
Тұмағамдардың көзі еді,
Артында өлмес жыр қалған.

Үстіне шығып кезеңнің,
Солқылдап тұрдым сол түні.
Таулардан аққан өзеннің -
Мен де бір ерке толқыны.

Менен де жайдақ жыр күтпе,
Өтеді деме білінбей.
Үн естімедім тірлікте,
Тау өзенінің үніндей.

Көктемнің түні құсымның
Түсі де, жаным
көк теңбіл.
Жырымды саған ұсындым,
Мөп-мөлдір түнде
мөп-мөлдір .

Жырменен жалғап ниетімді,
Шаяйын келіп бетімді.
Қайранда таудың өзені,
Құлағын түрсін бұл ғалам,
Әуенге басшы не түрлі!
Тулаған кеуде тұсымда -
Жүрегім Өзің секілді!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!