Ғажайып субұрқақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
5-сабақ
Ғажайып субұрқақ
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалог құрастырып жазады.
Оқушылардың кейбірі: Ғаламтордан өздеріне ұнаған субұрқақтың суретін тауып, сипаттап жазады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- «Суретші» ойынын ұйымдастырып, оқушыларды 2 топқа біріктіру үшін 1 плакатқа немесе тақтаның 1 жағына күннің суретін (аяқталмаған сурет), 2-плакатқа немесе тақтаның 2-жағына түйенің суретін (аяқталмаған сурет) дайындап қойыңыз. Сізге түрлі-түсті қарындаштар (маркер), орамал керек;
- «Кір жайғыш жіп» тәсілі арқылы үй тапсырмасына берілген суреттер (жобалар) көрмесін ұйымдастыруыңыз үшін сізге жіп, скрепкалар немесе кір қысқыштар керек;
- «Мағынаны таны» стратегиясы үшін қажетті 2 суретті дидактикалық материалдардан алып, әр топқа 1-2 данадан болатындай етіп шығарып алыңыз;
- Грамматикалық кестені әр топқа 2-3-тен таратуға болатындай етіп шығарып алыңыз;
- 4 дана А3 немесе А4 форматты қағаз дайындап алыңыз;
- «3,2,1» рефлексия кестесін әр топқа 1 дана етіп шығарып алыңыз (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда).
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң «бір, екі» деп санау арқылы 2 топқа біріктіріңіз. 2 топ мүшелерін 2 қатарға тұрғызып, назарын тақтадағы аяқталмаған суреттерге аударыңыз. Әр топтан 1 оқушыны шақырып, көзін байлаңыз, қолына маркер (қарындаш, бор) беріңіз. «Суретшілер» сайысын жүргізіңіз (№1 слайд).
- Тақта алдына «кір жайғыш жіпті» іліңіз. Оқушыларға үй тапсырмасын тексеру жолымен таныстырыңыз. Оқушылар өз топтарында өз жұмысын көрсетіп, ең үздік 2-3 суретті тақтаға ілуі керек. Одан кейін сол жобаны (суретті) сипаттап айтады (2 слайд).
- №3 слайдта берілген 2 суретке назарын шоғырландырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған осы 2 суретті топтарға үлестіріңіз. Сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз.
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№4 слайд).
- Жаңа сөздерді (мәрмәр тас, субұрқақ, киіз үй) өзіңіз оқып, оқушыларға қайталатыңыз. №5 слайдты ашып (немесе грамматикалық кестені үлестіріп), дауыссыз қ-ғ дыбыстарының өзгеру себебін түсіндіріңіз (грамматикалық терминдерді, ережелерді атау/түсіндіру керек емес).
(1-тапсырма - №6 слайд) Оқушылар мәтінді топтарда оқиды. Әр топ мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. Осыдан кейін 1-топтың 1 оқушысы мен 2-топтың 1 оқушысы тақтаға шығады. 1-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 2-топтың оқушысы осы сұраққа жауап береді. Жауапты осы топтың басқа оқушылары да толықтыра алады. Осыдан кейін 2-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 1-топтың мүшесі оған жауап береді. Басқа сұрақтармен де жұмыс осылай жалғасады. Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүзеге асырылады.
2-тапсырманы орындату үшін №7 слайдты ашыңыз немесе А3/А4 форматты қағаз таратыңыз. Тірек сөздерді беріңіз, тапсырманы орындауға қойылатын талаптармен таныстырыңыз. Топтардың жазба жұмысы тақтаға ілініп, қорғалады, сондықтан ірі жазумен жазуын ескертіңіз. Диалогті рөлдерге бөлініп оқу барысында оқушыларға «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау жүргізуін еске салыңыз.
№8 слайдты ашып, А3 форматты қағаз таратыңыз. Оқушыларға смартфон немесе компьютер арқылы ғаламтордан әдемі субұрқақтың суретін табуды тапсырыңыз. Өздері таңдаған суретті сипаттап жазуға (жоспар бойынша) 5 минут уақыт беріңіз. Топтардың жұмыстарын бір-бірімен ауыстырып, топаралық бағалауды дескриптор арқылы жүргізуге болады.
Рефлексия жүргізу үшін топтарға рефлексия кестесін таратыңыз немесе интербелсенді тақтадан №9 слайдты көрсетіңіз. Оқушылар кестемен танысып, өз пікірін/ойын айтады.
Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз (№10 слайд).
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?