Ғажайып субұрқақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» (5-сабақ)

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғажайып субұрқақ

Оқу мақсаттары

Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* оқыған мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​2 дауыссыз қ-ғ дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу (субұрқақ-субұрқағы)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалог құрастырып жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Ғаламтордан өздеріне ұнаған субұрқақтың суретін тауып, сипаттап жазады.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Дауыссыз қ-ғ дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазады.

Лексикалық минимум

мәрмәр тас, субұрқақ, киіз үй

Грамматикалық минимум

1) дауыссыз қ-ғ дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтау: субұрқақ - субұрқағы

2) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі:

Бұл не? – Бұл – субұрқақ. Бұл «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы. Ол қандай? – Ол әдемі. Ол неден жасалған? – Ол мәрмәр тастан жасалған.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. «Менің туған елім» тақырыбы бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін қолдану аясын кеңейтуге бағытталады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту – 3 минут

«Суретші» ойыны

Тақтада 2 плакат ілулі тұрады. Бірінші плакатта күннің бейнесі аяқталмаған, ал екінші плакатта түйенің басы бейнеленген. Шеңбер бойымен тұрған оқушылар екіге бөлініп, суреттерді аяқтауы тиіс. Әр «суретшінің» көзін байлап, қолына маркер немесе түрлі-түсті қарындаш береді. Әр «суретші» суреттің 1 ғана деталін салуы керек.

Ойын соңында оқушылар 2 топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын тексеру – 4 минут

«Кір жайғыш жіп» тәсілі арқылы «Жобалар көрмесін» ұйымдастыру

Сендер нағыз суретші екенсіңдер! Үйде қандай сурет салдыңдар? Әр топтан ең үздік 1-2 суретті таңдап, таныстырыңдар. Бұл ненің жобасы? Мынау не? Терезесі қандай? Есігі ше?

«Мағынаны таны» стратегиясы – 1 минут

Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Бұл кім деп ойлайсыңдар? Ол ненің жобасын жасады?
  • Сабақтың тақырыбын жариялау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

№1 слайд

(аяқталмаған 2 сурет бар 2 плакат), түрлі-түсті қарындаштар

№2 слайд

№3 слайд

+

суреттер

№4 слайд

Сабақтың ортасы 25минут

2 минут

2 минут

7 минут

7 минут

7 минут

Жаңа сөздермен жұмыс (оқулық, 106-бет)

Жаңа сөздер: мәрмәр тас, субұрқақ, киіз үй

Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.

Есте сақта!

субұрқақ

꞊субұрқағы

қ →ғ

бәйтерек

꞊бәйтерегі

к→г

доп

꞊добы

п→б

Өзіңді тексер:

қасық+(-ым) ꞊ ? ..................................................

асық+(-ы) ꞊ ? .......................................................

жастық+(-ым) ꞊ ? ................................................

субұрқақ + (-ымыз) ꞊ ? .......................................

1-тапсырма (оқулықтың 107-бетіндегі 3-тапсырма). Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру

  • Оқушылар мәтінді топтарда оқиды. Әр топ мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады.
  • 1-топтың 1 оқушысы мен 2-топтың 1 оқушысы тақтаға шығады. 1-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 2-топтың оқушысы осы сұраққа жауап береді. Жауапты осы топтың басқа оқушылары да толықтыра алады. Осыдан кейін 2-топтың оқушысы өз сұрағын оқиды, ал 1-топтың мүшесі оған жауап береді. Басқа сұрақтармен де жұмыс осылай жалғасады.
  • Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүзеге асырылады.

ТЖ 2-тапсырма (оқулықтың 107-бетіндегі 4-тапсырма). Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалог құрастырып жазу

Тірек сөздер: мәрмәр тас, киіз үй, қызғылт, субұрқақ

Мұғалім топтарға «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының суретін және тірек сөздерді таратады. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді. Оқушылар топтарда Әлібек пен Сашаның «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы диалогін құрастырып жазады. Топтар жазбаларын тақтаға іліп, рөлдерге бөліп оқу арқылы таныстырады. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.

ТЖ 3-тапсырма (оқулықтың 107-бетіндегі 5-тапсырма). Ғаламтордан өздеріне ұнаған субұрқақтың суретін тауып, сипаттап жазу

Мұғалім тапсырманың орындалу ретімен таныстырады. Топтар компьютердің немесе смартфонның көмегімен ғаламтордан субұрқақтардың суреттерін қарайды және 1 суретті таңдап алады. Жоспар бойынша субұрқақты сипаттап жазады.

ЖОСПАР:

  • Не? (субұрқақтың аты)
  • Қайда? (орналасқан жері)
  • Қандай? (түсі)
  • Неден жасалған?

Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асады.

Дескриптор:

  • Субұрқақты жоспарға сәйкес сипаттап жазды.
  • Көркем және қатесіз жазды.

№5 слайд+ оқулық

+

кесте

№6 слайд

№7 слайд

+

А3 немесе А4 форматты қағаз әр топқа

№8 слайд

+

Ғғаламтор (смартфон, компьютер)

+

А3 немесе А4 форматты қағаз әр топқа

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«3,2,1» әдісі

1

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат:

  • .............
  • .............
  • .............

2

Бүгінгі сабақта қиын болған 2 аспект:

  • ............
  • ............

3

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет:

  • ...........

Үйге тапсырма:

107-бет, «Біздің Қазақстан» өлеңін жаттау

 №9 слайд

 немесе

 әр топқа 1 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 №10 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу