Ең биік ғимарат (ОМЖ бойынша 7-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ең биік ғимарат (ОМЖ бойынша 7-сабақ)

Оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Кластерге сүйеніп, Эйфель мұнарасы туралы айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Оқушылардың кейбірі:

Кесте бойынша диалогке қатысады.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіндер мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Лексикалық минимум

мұнара

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі:

«Эйфель» мұнарасы Парижде орналасқан.

Сұрау есімдіктерінің қолданысы:

«Эйфель» мұнарасы қайда орналасқан? Қандай? / нелер бар? / қанша? / кім?

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 7 минут

Шеңбер бойымен тұрған оқушылардың әрқайсысының қолында үй тапсырмасы бойынша салынған сурет болады. 1-оқушы оң жағындағы суретке қарап, 1-сөйлемді айтады. 2-оқушы өзінің оң жағындағы оқушының суреті бойынша тағы 1 сөйлем құрастырып айтады.

Сұрақтарға жауап беру – 2 минут

Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.

Бұлар нелер? Олар қандай? Оларға ортақ қандай белгі байқадыңдар? Біз бүгін не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Тақырыпты жариялау

Суреттер арқылы топтарға бірігу

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру3 минут

Оқушылардың үйде салған суреттері

№1 слайд

//

суреттер

№2 слайд

Сабақтың ортасы 23 минут

2 минут

6 минут

7 минут

8 минут

Есте сақта!

Мұнара – ғимараттың төбесі

1-тапсырма. Кластерге сүйеніп, Эйфель мұнарасы туралы айтыңдар.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңдар.

Әлемдегі ең биік ғимарат – «Бурдж Халифа» мұнарасы. Ол Дубайда орналасқан. Мұнараның биіктігі – 828 метр. Сәулетшісі – американдық сәулетші Эдриан Смит. «Бурдж Халифада» қонақүйлер, пәтерлер, саябақтар мен кеңселер бар.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.

3-тапсырма. Кесте бойынша диалог құрастырып айтыңдар.

Не?

Қандай?

Қайда?

Қанша?

Нелер?

Саған қай мұнара ұнайды? Неге?

Дескриптор:

  • Кесте бойынша сұрақтар құрастырды.
  • Сұрақтарға дұрыс жауап берді.

№3 слайд

//

кластер

№4 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

№5 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар

Төртінші саусақ – менің көңіл-күйім

Бесінші саусақ – білгім келеді

Үй тапсырмасы:

«Бурдж Халифа» мұнарасы кластерін жаса.

 №6 слайд

 //

 қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар

 

 

 

 

 

 

 

 

 №7 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу