«Жеод» кинотеатры (ОМЖ бойынша 8-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Жеод» кинотеатры (ОМЖ бойынша 8-сабақ)

Оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

4.2 Оқыған материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.​4.​3.​1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Оқушылардың кейбірі:

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жазу барысында тыныс белгілерді орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша тірек сөздер арқылы диалог құрастырып жазу барысында тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

кір, қызғылт, көзілдірік, фильм көру

Грамматикалық минимум

Жай сөйлемдердің соңына қойылатын тыныс белгілері:

Нүкте, сұрау белгісі

  • «Жеод» кинотеатры қайда орналасқан?
  • «Жеод» кинотеатры Парижде орналасқан.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

9 минут

«Топтастыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 3 минут

Кластер бойынша «Бурдж Халифа» мұнарасы туралы айту

Сұрақтарға жауап беру – 3 минут

«Мозаика» ойыны

Суреттерді қалпына келтіріп, оларға қарайды және сұрақтарға жауап береді.

Бұл не? Бұл жерде не болады? Адамдар кинотеатрда не істейді? Сен кинотеатрда болдың ба? Қандай кинотеатрларды білесіңдер?

Тақырыпты жариялау

Суреттер арқылы топтарға бірігу

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру3 минут

«Бурдж Халифа» мұнарасы суреті

№1 слайд

//

суреттер

№2 слайд

Сабақтың ортасы 26 минут

6 минут

10 минут

10 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздер: кір, қызғылт, көзілдірік, фильм көру

Сөз →сөз тіркесі → сөйлем

Үйге кіреді

Ата ғимаратқа кіреді.

Бұл - қызғылт көзілдірік.

Адамдар фильм көреді

Бұл – қызғылт кірпіш.

«Даналық ағашы» ойыны

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастыру

«Жеод» кинотеатры

«Жеод» кинотеатры Парижде орналасқан. Ол – өте әдемі ғимарат. Сәулетшісі: Адриан Файнзильбер.

Ғимараттың төбесінде үлкен шар-мұнара бар. Ол темірден жасалған. Шардың диаметрі – 36 метр.

Кинотеатрға 400 адам кіреді. Оларға қызғылт көзілдіріктер береді. Олар фильм көреді.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

«Тірек сөздер жиынтығы» әдісі

2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырып жазу

Оқушыларға тірек сөздер беріледі. Шағын топтарда сөздердің мағынасын талқылап, «Жеод» кинотеатры туралы диалог құрастырып жазады.

Тірек сөздер: «Жеод» кинотеатры, орналасқан, өте әдемі, Адриан Файнзильбер, ғимараттың төбесінде, темірден, 36 метр, 400 адам, қызғылт көзілдіріктер, фильм көреді

Дескриптор:

  • Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырып жазды.
  • Сөйлемдердің соңына тыныс белгілерді дұрыс қойды.

№3 слайд

//

суретті сөздік

№4 слайд

//

үлестірмелі қағаздар + қағаз қиындылары (сұрақтар жазуға арналған)

№5 слайд

//

үлестірмелі қағаздар+ А3 форматты қағаздар+ түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар

Төртінші саусақ – менің көңіл-күйім

Бесінші саусақ – білгім келеді

Үй тапсырмасы:

Сен қандай кинотеатрды білесің? Сипаттап айт.

 №6 слайд

 //

 қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу