«Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ) | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1* мәтінді мәнерлеп, шолып (танысу мақсатында) оқу; 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жаңа сөздердің айтылуын (дыбысталуын) сақтап, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | бәйтерек | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | «Балық аулау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 4 минут Берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
«Мағынаны таны» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын жариялау – 3 минут Суретке қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Бұл қай қала? Ол қандай? Сендер Астанада болдыңдар ма? Астанада қандай әдемі ғимараттар бар? Тақырыпты жариялау Суреттер арқылы топтарға бірігу Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут | құрық, «балықтар» №1 слайд // сурет №2 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут 8 минут 8 минут 9 минут | Есте сақта! Бәйтерек – өте үлкен және биік ағаш. «Бәйтерек» монументі – Астана қаласының символы. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, ақпараттарды тексеріңдер. Астана – үлкен қала. Астанада әдемі ғимараттар көп. Астана қаласының символы – «Бәйтерек» монументі. «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі бәйтерек ағашқа ұқсайды. Астанада «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы бар. «Ханшатырда» аттракциондар, бассейн, дүкендер бар.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. 2-тапсырма. Суреттерге қараңдар. Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттар туралы айтыңдар. 1-топ: «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы
2-топ: «Бәйтерек» монументі
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. 3-тапсырма. Ғимараттар туралы диалог құрастырыңдар. 1-топ «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық кешені туралы 4 сұрақ дайындайды. 2-топ «Бәйтерек» монументі туралы 4 сұрақ дайындайды. Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі. Дескриптор:
| №3 слайд №4 слайд // үлестірмелі қағаздар №5 слайд // үлестірмелі қағаздар суреттер + №5 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Стикерлі вагондар»
Үй тапсырмасы: «Бәйтерек» монументінің суретін салып, сипаттап айт. | №6 слайд
kundelik.kz | |||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?