Жылдың төрт мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


3-сынып 3-тарау

Уақыт. 7-сабақ

Жылдың төрт мезгілі

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

 Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

 Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісі бойынша кесте толтырады.

 Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.

 Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

 Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • №1 слайдпен танысыңыз. Дидактикалық материалдардан оқушыларға ертеңгілік шеңбер ұйымдастыруға берілген жүректің моделін алып қиып дайындаңыз.
  • №2 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суреттерді шығарып алыңыз.
  • №7 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген сурет пен тірек сөздер жазылған парақтарды топтар санына сәйкес шығарып алыңыз.
  • №8 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда кестені топтар санына сәйкес етіп шығарыңыз.
  • Смайликтер арқылы тыңдалым соңы жұмыстарын бағалау үшін фишкалар немесе стикерлерді алдын ала оқушылар санына сәйкес дайындап, көрнекіліктер қоржынына жинақтау ұсынылады.
  • Рефлексия жасауға арналған парақшаларды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз. Сонымен қатар түрлі-түсті қарындаштар дайындаңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға ертеңгілік шеңбер өткізіп, бір-біріне жақсы тілектер айтқызыңыз. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында балаларға «Атысу» стратегиясын өткізіңіз.
  • №2 слайдты ашыңыз. Суреттер бойынша жетекші сұрақтар қойып, жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлаңыз.
  • Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

 (Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөздер: жыл, төрт, жыл мезгілі, тәулік. Осы сөздердің мағыналарын ашып, сөздік дәптерлеріне жазғызыңыз.

 

 (1-тапсырма) №6 слайдты ашыңыз. Берілген сурет бойынша сөздерді оқытып, қайталатыңыз. Жетекші сұрақ қою арқылы тыңдалым алды тапсырмасын орындатыңыз. Бұл тапсырманың дескрипторымен таныстырып, тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс өткізіңіз.

 

 ТЫҢДАЛЫМ. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған мәтінді мәнерлеп екі рет оқып шығыңыз. Оқушыларға мәтінді мұқият тыңдауды ескертіңіз. Таныс емес сөздерге түсінік беріңіз.

 (2-тапсырма) Үлестірмелі қағазды әр топқа таратыңыз. Тыңдалған мәтін негізінде кестені толтыруды сұраңыз. Кері байланыс өткізіп, әр топтың тапсырмаларының дұрыстығын тексеріңіз.

 (3-тапсырма) №9 слайдты ашып, тапсырманың орындалу жолымен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда барлық топтарға сурет пен тірек сөздер жазылған парақтарды таратыңыз. Топтық жұмыстар смайликтер арқылы бағаланады.

 ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС. №10 слайдты ашыңыз. Оқушыларға оқулықта берілген шағын диалогті оқытыңыз. Оқушылар жаңа сөздерді табады, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Мәтіннің мазмұны бойынша кестені толықтырады.

  ЖЕКЕ ЖҰМЫС. №12-13 слайд. Әр оқушы берілген суреттердің ішінен өздері ұнататын жыл мезгілінің суретін таңдатыңыз. Таңдаған суреті бойынша 3-4сөйлем құратып айтқызыңыз. Тапсырманың алдында дескрипторымен таныстырыңыз.

 ОЙ ҚОРЫТУ. “Блиц-бақылау” тренингін өткізіңіз. Алдын ала дайындалған сұрақтарды қоя отырып сабақты қорытындылаңыз.

 (рефлексия) Оқушылар назарын №16 слайдқа аударыңыз немесе әр оқушыға 1 парақтан таратып, cуреттегі желкенді түсіне қарай бояуды тапсырыңыз. Оқушылардың парақтарын жинап алып, сабақтан кейінгі уақытта өз жұмысыңызға есеп беріңіз.

 

 Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. №15 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу