Сағат жетіде тұрамын. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сағат жетіде тұрамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тірек сөздерді қолдана отырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде қосымшаларды орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.

Бағалау критерийлері

1.Айтылым бойынша ақпаратты анықтау;

2.Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру;

3.Септік жалғауын жалғап үйрену

Лексикалық минимум

Таңертең, жарым, жуыну, жаттығу жасау

Грамматикалық минимум

Септік жалғау

-ға/-ге; -қа/-ке.

Бір-ге, екі-ге, үш-ке, тоғыз-ға, алты-ға

Құндылықтарды дарыту

Уақытты бағалай білуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Сағат он екі болды

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдап, сан жазылған парақшаларды айналып жүреді. Қолында жалаушасы бар оқушы әуен тоқтаған кезде қай парақшаның қасында болса, сол парақшада жазылған санмен сөйлем құрастырады.Сонан соң ол жалаушаны келесі оқушыға тапсырады. Мысалы:

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және

мақсатымен таныстыру.

Таныстырылым 2

Таныстырылым 3

Таныстырылым 4

Сабақтың ортасы

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Таңертең, жарым, жуыну, жаттығу жасау

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:

Таңертең тұрамын. Бір жарым.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен таңертең ас ішемін. Сағат бір жарым болды.

5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.

(Ж) Оқылым.Айтылым. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту

Суреттегі мәтінді оқып, әңгіме құрастырады. Өз ойларын толықтырады.

(Ж) Тыңдалым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.

Сұраққа жауап береді.

  • Әлібек нешеде тұрады?
  • Ол не әстейді?

Дескриптор:

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелейді;

- таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.

(Ж) 2-тапсырма. Оқылым.Айтылым. Мәтінді 2 рет оқып, содан кейін оқулықты жаптырып тастап, берілген сызбаны толықтырады. (сызба тақтада көрсетіледі)

Дескриптор:

- мәтіннің мазмұнын анықтайды;

- сызбаны нақты орындайды

(Т) 4-тапсырма. Айтылым. Суретпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, суреттерді әңгімелейді.

Сергіту сәті.

«Көңілді күн»

Оқушылар билейді

(Ж) 6 – тапсырма. Айтылым. Сурет бойынша диалог құрастырады. Сурет пен уақыттын дұрыс/ бұрыстығын анықтайды.

Дескриптор:

˗суретке сәйкес диалог құрастырады;

˗сұхбаттасына сұрақтар қояды;

˗сұхбаттасының сұрақтарына жауап

береді;

- суреттің дұрыс/бұрыстығын ажыратады.

Таныстырылым 5

Таныстырылым 6

Таныстырылым 7

Таныстырылым8

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8&t=5s

Таныстырылым 9

Таныстырылым 10

 

Сабақтың соңы

(МК) "Кубик" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру

Қызыл түс – түсінбедім.

Сары түс – сұрақтарым бар.

Жасыл түс –түсінікті болды.

Үй жұмысы:

69 бет, № 3-тапсырма. Оқу

Таныстырылым11

Таныстырылым12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу