№ 11 сабақ. Астана: бұрын және қазір. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 11 сабақ. Астана: бұрын және қазір

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу

Сабақ мақсаттары

  • Тақырыпқа қатысты анықтамалықтардан қажетті ақпарат табу.
  • Жаңа сөздерді орофграфиялық сөздікке сүйеніп дұрыс жазу.

Оқушылардың барлығы: тақырыпқа қатысты қажетті ақпаратты тауып, кестені толтырады, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап, орфографиясы бойынша жазады.

Оқушылардың көпшілігі: берілген ақпаратты салыстырады, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі: тапқан ақпарат бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды.

Берілген ақпаратты салыстырады.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Лексикалық минимум

мың

Грамматикалық минимум

Есімше: -ған\-ген; -қан\-кен

Құндылықтарды дарыту

Туған жерге деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

тарих

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Шағын шолу» тәсілі. Оқушылар парақшаларға уақытқа қатысты естерінде қалған сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін жазады.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Суреттерден не көріп тұсыңдар?
  • Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.

САЛЫН+ҒАН САЛЫНҒАН

Оқушылар осы үлгімен басқа етістіктерге мысалдар айтады.

КЕЛГЕН

АЙТҚАНКЕТКЕН

Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:

  • тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтаймыз;
  • берілген ақпаратты салыстырамыз;
  • тақырып бойынша әңгіме құраймыз;
  • сұрақ-жауапқа қатысамыз.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ)

1. Сабақтың тірек сөзін (мың)

сурет мен сөйлем арқылы меңгерту.

Мың жыл бұрын қалалар салынды.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім мың, бұрын, бүгін сөздерін орфографиялық номаға сәйкес оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады.

3. Сөйлем құрайды.

Мың жыл бұрын пайда болды. Мың жыл бұрын салынды.

4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Жазылуы

Айтылуы

бүгін

бұрын

бүгүн

бұрұн

(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді екі рет тыңдайды.

Әлихан уақыт көлігіне отырды. Уақыт көлігі оны бір қалаға алып келді.

 - Біз қайда келдік? – деп сұрады Әлихан көлігінен.

 - Ақмола қаласына келдік, – деді уақыт көлігі.

 - Қандай ескі қала? Бұл қала қашан салынған?

 - Білмеймін. Көп мың жыл бұрын салынған.

 - Көп мың жыл бұрын?

 - Иә, Әлихан. Бұл ескі қала. Қазіргі Астана қаласы.

 - Қандай ғажап!

 “Блиц-бақылау” әдісі: мәтін бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады (сұрақтарды кезекпен оқып тұру немесе тақтадан көрсету).

 1. Әлихан қайда барды?

 2. Ол немен барды?

 3. Әлихан қандай ақпарат білгісі келді?

 4. Мәтінге тақырып қой.

 Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
  • Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
  • Мен орташа түсіндім.(3 балл)
  • Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
  • Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

 (Ж) Суреттерді мәтін мазмұның ретімен жұптар бір-біріне суреттердің көмегімен ауызша әңгімелейді.

Қалаулары бойынша бір-екі жұп сыныпқа әңгімелейді. Қалған жұптар «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» сияқты комментарий айту арқылы бағалайды.

) Жазылым. Айтылым. Оқушылар 3 топқа бөлініп, бұрынғы Астана мен қазіргі Астана туралы ақпарат жинайды. Үлестірме карточкалардан тапқан ақпаратты пайдаланып, кестені толтырады. Бұл тапсырманы «ҒЗО» ойыны арқылы орындайды.

1-топ. Астана тобы.

Бұрынғы Астана

қандай?

Қашан салынды?

Қосымша ақпарат

2-топ. Бәйтерек тобы.

Бәйтерек монументі

Қашан салынды?

Ғимараттың ауданы, биіктігі неше?

3-топ. Ханшатыр тобы.

Ханшатыр

Қай жылы ашылды?

Қосымша ақпарат

Оқушылар жинаған ақпараттарымен таныстырады.

Дескриптор:

  • тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді;
  • ақпаратты кестеге түсіреді;
  • ақпараттармен бөліседі.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

Сергіту сәті. “Бір-екі-үш-төрт-бес” ойыны: Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды.

Есте сақтайық!

(МК,Ұ) Оқылым. Берілген екі мәтіннен қате ақпаратты табады. Дұрыс нұсқасын айтады.

Ертеде Астананы Ақмола, Целиноград деп атаған. Ол шағын қала болған.

Астана жасыл қала болды. Өйткені қалаға 386 мың ағаш отырғызылған.

  • Мәтіннен қимылды білдіретін сөздерді табыңдар.
  • Бұл сөздерде қандай ұқсастық бар?
  • Қай уақытты білдіріп тұр?

Дескриптор:

  •  дұрыс мәтін құрайды;
  •  сөздерді дұрыс байланыстырады.

(Ө) Жазылым. Тірек сөздермен сөйлем құрайды.

Тірек сөздер: мың, бұрын, шаршы, ғимарат.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақты өте жақсы меңгерсе, «Алма» ағашына, жақсы түсінсе, «Бәйтерек» ағашына, ал түсініксіз болса, «Тікенек» ағашына стикер қалдырады.

алма ағашы бәйтерек тікенек

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Оқулық, 6-тапсырма, жазбаша орындау.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу