«Менің бір күнім» 9-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Менің бір күнім» 9-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​3*мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде /жазуда келер шақты қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, сөйлемді келер шақта дұрыс құрайды.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындау;
  • Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру;
  • Ауыспалы келер шақтың формасын дұрыс қолдану.

Лексикалық минимум

Күндіз, түнде

Грамматикалық минимум

Етістіктің ауыспалы келер шағы

Мен бар-а-мын

Құндылықтарды дарыту

Өз уақытын жоспарлауды үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

«Атомдар мен молекулалар » тренингі

Мұғалім «атомдар» дегенде оқушылар шеңбер бойында жүре бастайды, «молекулалар» дегенде бір-бірін құшақтай алады. Бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

  • Сенің күн тәртібің қандай?
  • Мектептен кейін қайда барасың?
  • Кешке не істейсің?
  • Бүгінгі сабақ не жайлы болады?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;

- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;

- етістіктерді дұрыс қолданамын.

 

Таныстырылым №1

 

Таныстырылым № 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Күндіз, түнде

  • Осы сөздердің мағыналарын дефиниция тәсілі арқылы меңгерту. Жаңа сөздерге мағынасы жуық сөздерді сәйкестендіреді.

Күндіз

Түнде

мектепте оқимын

ұйықтаймын

ойнаймын

демаламын

үйірмеге қатысамын

жұлдыздар болады

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады

3. Сөйлемдер құрастыру.

Маржан күндіз сабақ оқиды. Түнде аспанда жұлдыздар болады.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

1-тапсырма

(Т) «Қызықты суреттер» тәсілі арқылы сурет бойынша мәтін құрайды.

Дескриптор:

- құрастырған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

- сұрақтарға жауап береді.

- сөйлемдер құрайды.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?

2-тапсырма

) Диалогты оқы, жұбыңмен жалғастыр.

- Арман, сен қайда барасың?

- Мен шахмат үйірмесіне барамын. Ал сен ше?

- ...

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді.

- сөйлемдер құрайды.

- ауыспалы келер шақтағы етістіктерді қолданады.

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Ал , кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

3 -тапсырма

(Ұ) «Сұрақ-жауап» ойыны. Мұғалім қағазға жазылған сұрақтарды дайындайды, оқушылар сұрақтарға жауаптарды тауып сөйлемдер құрастырады, дәптерлеріне жазады.

- Сен таңертең не істейсің?

- Кешке қандай бағдарлама көресің?

- Ол күндіз қайда барады?

- Түнде аспаннан нені көресің?

4-тапсырма

(Т) «Кластер» әдісі. «Менің бір күнім» тақырыбына топта кластер жасатылады. Әр топ өз картасын қорғайды

«Бес саусақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Таныстырылым № 4

Таныстырылым № 5

Таныстырылым

Таныстырылым № 10

Сабақтың соңы

(5мин)

Үй жұмысы:

«Кел жаттайық» айдарындағы өлеңді жаттау

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу