«Менің бір күнім». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Менің бір күнім»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

    • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​3*мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде /жазуда өткен шақты қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, сөйлемді өткен шақта дұрыс құрайды.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындау;
  • Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру;
  • Өткен шақтың формасын дұрыс қолдану.

Лексикалық минимум

Таңертең, кешке

Грамматикалық минимум

Етістіктің жедел өткен шағы

Мен бар-ды-м

Құндылықтарды дарыту

Өз уақытын жоспарлауды үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

«Ыстық алақан» тренингі

Балалар бір-біріне алақандарымен сәлемдесіп, өздерінің жақсы тілектерін айтады:

Мен саған сәттілік тілеймін!

Мен саған бақыт тілеймін!

Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін! және т.б.

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

  • Сағат 8:00-де не істейсің?
  • Мектептен кейін не істейсің?
  • Бүгінгі сабақ не жайлы болады?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;

- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;

- Жалғауларды жалғап үйренемін.

 

Таныстырылым №1

 

 

Таныстырылым № 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Таңертең, кешке

  • Суретті сөздікжаңа сөздерді сурет арқылы түсіндіру

Таңертең Кешке

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады

3. Сөйлемдер құрастыру.

Мен таңертең мектепке барамын. Кешке теледидар көремін.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

1-тапсырма

(Ұ) Мәтінді оқы. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Арман таңертең сағат 7-де тұрады. Жуынады, жаттығу жасайды. Таңғы асын ішеді. Сағат 8-де мектепке барады. Мектептен үйге сағат 13-те келеді. Түскі асын ішеді. Сағат 15-те бокс үйірмесіне барады. Кешке отбасымен теледидар көреді. Бұл оның бір күні.

  • Арман таңертең не істейді?
  • Мектептен нешеде келеді?
  • Сен сағат 15-те не істейсің?
  • Отбасы қашан теледидар көреді?

Дескриптор:

- оқыған мәтіннің мазмұнын анықтайды;

- сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?

2-тапсырма

) «Сұхбат құрайық» тәсілі. Берілген сурет бойынша жұптасып диалог құрады.

Менің бір күнім

Үлгі: - Айдар, қазір сағат бір болды. Сен не істейсің ?

  • Мен бокс үйірмесіне барамын.

Кері байланыс. «Бас бармақ» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Сергіту сәті. «Жаттығу»

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз.

3 -тапсырма

(Ұ) «Сәйкестендір» ойыны. Мұғалім қағазға жазылған сөздерді дайындайды, оқушылар тиісті сөздерді тауып сөйлемдерге қояды, дәптерлеріне жазады.

Асан ... оянады. Беті-қолын жуады. ... мектептен келеді. Сағат он үште жүзу ... . Отбасымен ... теледидар көреді.

Тиісті сөздер: таңертең, кешке, түсте, үйірмеге барады.

4-тапсырма

(Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.

Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.

Жағдаят: Бір күндеріңді қалай жоспарлауға болады?

«Даналық ағашы» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Таныстырылым № 4

Таныстырылым № 5

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым №11

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия:

Үй жұмысы:

Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу