file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ықылас Ожай (Түрме)

 Ықылас Ожай (Түрме)

Біздің қоғам борсыған ой, қотыр сөз,
Сіз де соған шырматылып отырсыз.
Мен осындай ойсыздықтан ұшынып
Өзімді-өзім өгей халге түсірдім,
тамыр біткен ісініп...
АЙҚАЙЛАРДЫҢ ЖЕР ҚУЫРЫП АПШЫСЫ,
ЖАЙҚАЛЫП ТҰР ЖАНУАРЛЫҚ ТҮСІНІК.

Иә, біздер жануармыз кәдімгі
Не демексіз енді сіз.
Себебі біз...
санасы өлі елденбіз.
БІЗДІҢ ҚОҒАМ – ТӘТТІ ҰЙҚЫНЫҢ ТӨСЕГІ,
БІЗДІҢ ҒҰМЫР – ОЯУ ЖҮРІП КӨРГЕН ТҮС.

Анау Алаш заманда
Ахметтің аспан аңқып ұғымы,
Ағып түсті алмас сынды ғұмыры,
Мазақ етіп кісәпір мен азғынды.
ҚАРА ЖЕРДІ ҚЫЗЫЛ ҚАНМЕН СУАРҒАН,
БІЗДІҢ САНА – СТАЛИННІҢ ЕЛЕСІ,
БІЗДІҢ АҚЫЛ – АБАҚТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ.

Абайдың да арғытаным ішінен,
Масғұттың мас болуын түсінем...
Мұнымен де тыншымады-ау мұңды шу.
ҚҰЛ-ҚҰТАННЫҢ ҚИҚУЫНА КӨМІЛГЕН
ТЫР ЖАЛАҢАШ ЖЫНДЫХАНА МЕКЕНДЕ
АЛ ІШПЕЙ ГӨР ЖЫНДЫ СУ.

Өтірік пен өңеш жайлы ілімді
ӨРКЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ дейді бүгінгі
Мүгедек ми қырсығым...
ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА ТЕРБЕЛІП
ТАЛЫҚСИДЫ СӘБИ САНА, СОҚЫР КӨЗ
МЕНІҢ ТҮРМЕ ТҮЙСІГІМ...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Нақтыбайұлы Есенбол
    0 + 0 -
    Шіркін, өлең деген осындай болса керек! Бірақ, Абайдай мыңмен жалғыз алысатын да заман кетті ғой.Абайдың замана зары өзгеден болса, Ықыластың зары ындынсыз біздің ынжық қоғамнан боп тұр ғой...