Күзгі еңбек. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 Сабақтың тақырыбы: Күзгі еңбек

 

 Сабақтың мақсаты:

 1.3 Тыңдаған аудио, бейнематериалдың мазмұнын түсіну

 3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

 Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

 Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

 Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру үшін

  «Эмоция» жаттығуы жасалады.Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызады. Оқушылар шеңберге жиналып, өз көңіл күйлерін мимикамен көрсетеді. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы көңіл-күйлерін білдіру арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Жаңа тарауды бастайтындықтан, жылдың мезгілінде болатын құбылыстардың дыбыстарын тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Мысалы: жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, құстардың ұшып келуі, жапырақтың түсуі және т.б

 суреттер көрсету арқылы тараудың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері табу үшін суреттерді көрсету арқылы жетелеуші сұрақтар қойыңыз . Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сюжетті суреттің желісіне қарай оқиғаға дейін не болуы мүмкін, кейін не болғанын болжап, айтып береді. Дұрыс жауабын тақтада берілген иллюстрация бөліктерімен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

  Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, өзгелерге көмек, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, еңбекқорлық туралы өлең мен әңгімелердің жақсы топтамасын дайындаңыз.

  Бөлім ілгерілеген сайын тақырыпқа қатысты сөздік қор мен фразаларды тізімге қосыңыз. Оқушыларға қолдану үшін сөздік қорды көрсетіп, іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

 Оқылым. Жазылым. Оқушылардың алдына мәтінді үлестіріп беріңіз немесе интербелсенді тақтадан көрсетіңіз. Алдымен мәтінді әркім өзі оқып танысқаннан кейін, көп нүктенің орнына -а, -е, -й тиістісін қойып жазады. Содан кейін топта бір-біріне оқып толықтырады. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады. «Диірмен» әдісі арқылы топтың жұмысы бағаланады.

 Тыңдалым. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Мәтіннің мазмұны бойынша мәтін бөліктерін анықтап «Сөйлейтін кітапша» жасайды. Жұмыс топта жасалады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Бұл оқушылардың есте сақтау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Жұмыстың соңында топтар тақтада көрсетілген критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Топқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

 «Дұрыс-бұрыс». Оқушыларға мәтін оқып беріледі. Олар дұрыс, дұрыс еместігін тауып, қатесін түзетіп айтады.

 Рефлексия, үй жұмысы.

  Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға бағдаршамның суреті салынған таратпа қазадар беріңіз, түсініктемесі тақтадан көрсетіледі және мұғалім өзі де айтып кеткені дұрыс.

 Мұғалім оқушыларға алма, шие, пияздың суреттері салынған стикерлерді таратады.

  •  Алма – бәрін түсіндім
  •  Шие – әлі де білгім келеді
  •  Пияз – маған көмек қажет.
  •  Оқушылар бір стикерді таңдап, тақтаға жапсырады.

 Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу