Көктем кереметтері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Сабақ тақырыбы: Көктем кереметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған шағын мәтін мазмұнын жиі қолданатын сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың кейбірі:

 Оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді.

 

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

 Сабаққа қажетті құралдар:

  •  Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  •  Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  •  Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  •  Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  •  Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  •  Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  •  Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  •  Ең басты міндет - мақсатқа жету.

 

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  •  Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. Дос- достыққа» тернингі мына нұсқаулық арқылы жүзеге асыра аласыз. Қазір сіздер өте бір қызық жаттығуды орындайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «Сәлемдесеміз»: Оң қол оң қолмен! Мұрын мұрынмен! «Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар. Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз. Бұл тернингтің мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық сезімін нығайту болып табылады.
  •  Сынып оқушыларының назарына сурет беріледі, яғни, ой шақыру мақсатында сабақ тақырыбына қатысты сурет алынып, суреттен байқаған құбылысты сөз немесе сөз тіркесі арқылы жазып шығады. Оқушылардың сурет арқылы көру қабілеттілігін арттыру.
  •  Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  •  Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту:

  •  Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  •  Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында 2-тапсырма беріледі. 1-тапсырмада сыни ойлау қабілетін ұштай отырып, ұсынылған кестеге суретте байқағанын толтырып жазады, ал екінші тапсырмада «жиі» сөзінің синонимдік қатары беріліп, мағынасын ашып, мысал келтіре отырып түсіндіре аласыз. Тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс беруді ескеріңіз.

 Оқылым

  •  Сынып оқушыларына лексикалық минимумды игерту мақсатында тапсырма ұсынылады. Тапсырма мәтінмен жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Мәтінді оқи отыра, жаңа сөздерді мәтін ішінен анықтайды. Сабақ барысында тірек сөздерді оқып әрі қайталау арқылы оқушының тілін жаттықтыра аласыз.
  •  Ой қозғау кезеңінде оқушылар мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді. Сынып оқушыларының сөз саптау шеберлігіне назар аудару қажет.
  •  Грамматикалық бірлікті игерту мақсатында үлгі ретінде мысалдар келтіріп, түсіндіре аласыз.
  •  Сурет бойынша жұмысты оқушылар жұпта орындай отырып, тірек сөздерді қолдану арқылы суретті сипаттап жазады. Етістікке –а, -е,-й қосымшасын дұрыс жалғай алуын, сөйлем құрылымына назар аудару қажет. Оқушылардың сабақ барысында грамматикалық білімдері назардан тыс қалмағаны дұрыс. Мақсат – сауатты жазып, өз ойын сыни тұрғыдан жеткізе алуға бағыттап отырғаныңыз жөн.
  •  Сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Рахмет» жаттығуын ұйымдастыруға болады. Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды. Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?
  •  Грамматикалық бірлікті қаншалық игергендігін бақылау мақсатында мәтінмен жұмыс тапсырмасын ұйымдастыра аласыз. Балалар мәтінді түсініп оқу арқылы мәтінде –а, -е,-й қосымшалары бар етістіктерді анықтайды, жиі кездесетін сөздерге назар аударып, оларды тізбектеп айтып шығуын қадағалаңыз.Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  •  Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштай алуына бағыт-бағдар беріңіз.
  •  Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу