Әнел ақылды №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән:Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Әнел ақылды №5

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

5.1 Грамматикалықнормалардысақтау (лингвистикалықтерминдердіқолданбау)

3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша қарапайым сөйлемдер құрастырады, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде 3-4 сөйлем құрастырып, сөйлейді, өз бетінше септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, өз пікірін білдіреді, өз бетінше сөйлемдер құрастырады.

Бағалаукритерийлері

- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша 3-4 сөйлем құрастырып, сөйлейді;

- септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Әрқашан, сыпайы, шула, бөліс

Грамматикалық минимум

Септік, жіктік жалғаулары, етістіктің болымсыз формасы

Мен ақылды+мын, мен шула+ма+й+мын

Құндылықтарды дарыту

Кітапқа деген махаббатын ояту, оқуға деген әуестігін дамыту, қоғамдық жерде тәртіп сақтауға үйрету, еңбекке баулу

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолданудағдылары

Таныстырылым

Бастапқыбілім

ІІ бөлім. « Ол ұқыпты оқушы» № 4 сабақ.

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер «Көңілді шеңбер»

Сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастырылады. Оқушылар құрған шеңберде бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, жақсы тілектер айтады.

- Балалар енді тақтамызға қарайықшы, осы ребусты кім шешіп көреді

«Ребус»

,,,, , , П

Оқушылар ребус шешіп сабақтың тақырыбын болжайды.

-Дұрыс, жауабы кітап екен

- Балалар, сендер кітап оқисыңдар ма?

- Кітап оқуды кім жақсы көреді?

- Көп оқыған адам қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Балалар «ақылды» болады екен

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)

- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін;

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша 3-4 сөйлем құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс қолданамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2-3

Таныстырылым № 4-5

 

 

Жaңa caбaққa кiрicпе

(3–7 минут)

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: әрқашан, сыпайы, шула, бөліс.

Осы сөздерді синонимдері, суреттері арқылы түсіндіру: әрқашан- үнемі, әрдайым, сыпайы – биязы, шулау – даурығу, бөліс - үлесу

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады: әрқашан – әрғашан, шула – шұула

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:

Әрқашан кітап оқимын, сыпайы бала, кітапханада шулама, ой бөлісу, ақылды оқушы

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен әрқашан кітап оқимын, Ол сыпайы бала. Кітапханада шулама. Олармен ой бөліседі. Әнел ақылды оқушы

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады. 

«Мозайка» әдісі бойынша 2 топқа бөлінеді.

1 топ Ақылды

2 топ Сыпайы

Таныстырылым № 6-7

Сыпайы

Шула

Бөліс

Caбaқтың oртacы

(8–30минут)

(Т, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Тыңдалым мәтіні. Кітапхана.

Бұл кітапхана. Кітапхана кең және жарық. Кітапханада үнемі оқырмандар көп болады. Кітапханашы сыпайы кісі. Оның аты – жөні Маргарита Петровна. Әнел кітапханаға жиі барады. Ол ақылды оқушы. Кітапханада шулауға, қатты сөйлеуге болмайды.

«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Кітапхана қандай?
  • Онда не бар?
  • Кітапханашы қандай кісі?

Дескриптор:

1. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырады;

2. Сұрақтарға жауап береді

3. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады;

4. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс байланыстырады.

Тірек сөздер: жиі барады, ой бөліседі, сабаққа дайындалады, қатты сөйлеуге болмайды.

Кері байланыс: Сендер үшін не оңай, не қиын болды?

) Грамматикалық қоржын. Оқушылар «Футбол» ойынын ойнайды. Екі топқа бөлініп, бір-біріне допты лақтырады да сөздерді жіктеп айтады.

Мысалы,

Мен шулай+мын Жоқ, мен шула+ма+й+мын

Мен бөлісе+мін Жоқ, мен бөліс+пе+й+мін

Мәтінмен жұмыс.

) Оқушылар мәтінді мұқият оқиды.

Әнел - ақылды оқушы. Ол кітапты көп оқиды. Кітапханаға жиі барады. Ол оқыған кітабы туралы достарына айтады. Олармен ой бөліседі. Мен де достарыммен кітапханада сабаққа дайындаламын. Кітапханада қатты сөйлеуге, шулауға болмайды.

1-топ. «Попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінге ат қояды. Сұрақтар:

Әнел қандай?

Ол қайда жиі барады?

Ол нені көп оқиды?

Әнел кімдермен ой бөліседі?

Кітапханада не істеуге болмайды?

2-топ.

«Қабырғадағы рөл» әдісі арқылы Әнелді сипаттап береді, мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Кері байланыс: «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-біріне баға береді. Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды.

(Т) Жазылым. 1-топтағы оқушылар жақша ішіндегі қажетті сөздерді пайдаланып, жазады.

Мен достарыммен кітапханаға (барамын)

Әнел кітапханаға (жиі барады)

Ол кітапты (көп оқиды)

Кітапханада (шулауға болмайды)

2 топтағы оқушылар сөздерді сәйкестендіріп, бірнеше сөйлемдер құрайды.

Мысалы:

Мектептің кітапханасында көп кітап бар.

Ол бізге қызықты әңгіме айтып береді.

Жалқаубек кітаптің бетін сызады.

Топтар бір-бірін сигналды кәртішкелер арқылы бағалайды, 1-2 оқушының комментарийі тыңдалады, жұмыстарын мұғалімге өткізеді.

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

(Т, Ұ) «Таусылмайтын сөйлем» әдісі 1-ші топ сұрақ қояды, 2-ші топ сұраққа жауап береді

Ескерту: ойын кезекпен ойналады. Ең көп сөйлем құраған немесе ең көп сұрақ қойған топ «жеңімпаз» атанады.

Үлгі:

-Бұл не?

- Бұл кітапхана.

-Кітапханада не бар?

-Кітапханада кітап бар.

Кітапханада қанша кітап бар?

-Кітапханада көп кітап бар.

Кері байланыс: «Парталас көршіңе бір сөз таңда»

- Сен жарайсың.

- Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

- Сенің мүмкіндігің одан да зор.

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі

Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым

Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін

Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз

Үй жұмысы:

1. Кітап туралы мақал-мәтел тауып келу

2. Жергілікті кітапхана туралы мәлімет тауып келу

3. Кітап, ақыл туралы мақал/мәтел жаттап келу (деңгейлеріне қарай).

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушыныңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдары мен ресурстарыноқушыныңжекеқабілеттерінесепке ала отырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін.

Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепке ала отырып, сабақтыңкезкелгенкезеңіндеқолданылаалады.

Бұлбөлімдеоқушыныңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазыңыз.

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттері мен белсендііс-әрекеттүрлері.

Осы сабақтақолданылатынқауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу