Ампер күші. Лоренц күші. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, қосымша материал 3.
Деңгейлік тапсырмалар
Бағалау критериилері
- F=BILsinα және формулаларын есеп шығаруда қолданады.
- Магнит өрісіндегі бөлшектің радиусын, периодын, қадамын есептей алады.
Орташа деңгей
- Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне жылдамдығы 10 Мм/с, болатын электрон ұшып кіреді. Егер электрон радиусы 1 см болатын шеңбер сызса, онда өрістің индукциясы неге тең?
- Индукциясы 0,085 Тл біртекті магнит өрісіне жылдамдығы 4,6 м/с электрон индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді. Электрон қозғалатын шеңбердің радиусын табыңдар.
Жеткілікті деңгей
- Жылдамдығы м/с бөлшек индукциясы 0,3 Тл біртекті магнит өрісіне ұшып кірді. Жылдамдық векторының бағыты индукция сызықтарының бағытына перпендикуляр. Бөлшек қозғалатын шеңбердің радиусын және кинетикалық энергиясын есептеңіз.
- Индукциясы 0,2 мТл болатын біртекті магнит өрісінде радиусы 8 см шеңбер бойымен қозғалатын электронның кинетикалық энергиясын есептеңіз. Магнит индукциясының векторының бағыты шеңбер жазықтығына перпендикуляр.
Жоғары деңгей
- Протон және бөлшек индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта біртекті магнит өрісіне ұшып кіреді. Олардың энергиялары бірдей екені белгілі болса, қозғалыстарының қисықтық радиустарын салыстырыңыз. бөлшектің заряды протонның зарядынан 2 есе үлкен, ал массасы 4 есе үлкен.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?