Жақсы және жаман мінез №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Жақсы және жаман мінез № 2

Сабақтың мақсаты:

2.4 Оқыған/ тыңдаған материлды мазмұндау

3.​2.​4.​1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.5 Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастыру

Сабаққа қажетті құралдар:

Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Топтық, жұптық жұмыс кезінде жеткілікті мөлшерде материалмен қамтамасыз етіңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

Ертеңгілік шеңбер. «Сиқырлы таяқша».

Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.

Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Сабақтың тақырыбын «Изограф» (бейнежазба) әдісі арқылы болжайды. Яғни сол бейнежазбада қандай сөздер жазылып тұрғанын анықтайды. Осындай болжау арқылы баланың сыни ойлау дағдысы, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Өткен сабақпен байланыс жасау өте маңызды. Өткен сабақта меңгерілген оқылым мәтіні бойынша оқушылар суреттердің ретін белгілейді және берілген тірек сөздерге сүйеніп, екі дос туралы әңгіменің мазмұнын айтады. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Оқылым. Құпия хаттар сыры

Оқушылар пазл әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді. Топ ішінде құпия хаттардағы жағдаятты мұқият оқиды, бірігіп талқылайды және бір шешімге келеді. Әр топ өз ұсынысын айтады. Соңында «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Бұл тапсырмаға алдын-ала 2 топқа арналған 2 үлкен әдемі конверт дайындап қойыңыз. Сол конверттің ішіне хаттарды салып оқушыларға беру керек.

Сергіту сәті сабақтың мазмұнымен сәйкес болғаны дұрыс. «Көңіл күйді жаттықтыру» ойынын жүргізуге болады. Жаңа сөздерді естеріне берік сақтап қалу үшін оқушылар адамның бет әлпетіне қарап, рөлге еніп, бейнелейді (ым-ишара), мінезін ажыратады.

Мысалы:

1. Қабағы түйілген, ашулы адам.

2. Көңілді адам

3. Өлең айтып тұрған адамның сезімін білдіру.

Бұл ретте адамның көңіл-күйлерін өзіңіз немесе тақтада алдын-ала дайындап қойған суреттер арқылы көрсетіңіз, ал балалар қайталайды, өздерінше көрсетеді, мінездерін анықтайды.

Айтылым.

Адамның мінезін сипаттайтын сөздерді дұрыс сәйкестендіреді. Ұсынылған сөздерден жағымды, жағымсыз қасиеттер туралы қорытынды жасайды, өз пікірлерімен бөліседі. Соңында оқушылар тақтадағы дұрыс жауаппен өз жауаптарының дұрыс/бұрыстығын тексереді, «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Жазылым.

Жұп болып «Синквейн» әдісі арқылы «Дос» деген сөзбен төрт жолды өлең шығарады. Жұптар жұмыстарымен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын жұлдызшалармен бағалайды.

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу керек. Бұл ретте Не қиын болды? Неліктен? деген сұрақтар арқылы кері байланыс беру қажет.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде тақтада секторларға бөлінген «Нысана» бейнеленеді. Әр секторда жасалған қызмет рефлексияның көрсеткіш-сұрақтары жазылады. Мысалы, «Белсенді қатыстым», «Қызық болды», «Түсінікті болды», «Жаңа нәрсе білдім». Оқушы нәтижесінің бағасына сәйкес секторға белгі қояды: нысананың ортасына жақындаған сайын беске жақындайды, ал шетіне қарай барса, нөлге жақындайды. Содан кейін қысқаша талдау жасайды.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу