Үлкендерді сыйлаймын № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Үлкендерді сыйлаймын № 11

Сабақтың мақсаты:

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен ... сыйлайымын!»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне кімді сыйлайтынын айтып, қағаздан жасалған немесе ойыншық жүректі береді. Мысалы: Мен атамды сыйлаймын, мен әжемді сыйлаймын, мен әкемді сыйлаймын, мен анамды сыйлаймын, мен досымды сыйлаймын, т.б.

Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Қызығушылықты ояту.

Сөздік қорды белсендіру және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында ҚМЖда берілген тапсырманы орындатқан дұрыс. Бастапқы сөзді өзіңіз айтып, оқушы ойланып жалғасын айтсын. Бұл ретте ойлау дағдысы да, сөйлеу қабілеті де дамиды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Оқушылар суреттер арқылы сабақтың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту-сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Грамматикалық қоржын.

Жаңа сөздерді әбден меңгеріп болғаннан кейін, грамматиканы бірден түсіндіріп кеткен дұрыс, себебі кейін сабақ бойында оны қолдану үшін. Жіктеу есімдіктері бойынша грамматикалық атауларын атамай қосымша түсініктеме беріңіз. Тақырыпқа қатысты бірнеше сөздер беріңіз. Сол сөздерді жіктеп, сөз тіркестерін құрастырсын. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіріп отырыңыз. Пунктуациялық белгілердің дұрыс қолдануын қадағалаңыз. Оқушылардың қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық, грамматикалық нормаларына сәйкес жұмыс жасауына назар аударыңыз. Соңында оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. Барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 оқушыдан сұрасаңыз жеткілікті. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз)

Енді осы меңгерілген грамматикалық тақырып бойынша оқушылар жұп болып диалог құрастырады, сұхбатқа түседі. Сөйлеу барысында жіктік жалғауы бар сөздерді қолдану және негізгі тақырыптан ауытқымау сияқты критерийлерге мән беріңіз. Соңында бірнеше жұптың жауаптарын тыңдап, мадақтау сөздерін айтыңыз, қателерін өздері ұғынуына жағдай жасаңыз.

Оқылым.

Оқылымның алдында оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ «Ассоциация картасы» әдісі арқылы «Үлкенді сыйлау» сөз тіркесіне өз ассоциацияларын айтады, ойларын ортаға салады. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәтінен кейін берілген мәтінді оқиды, «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтырады. Оқылымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін оқылымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Оқушылар мәтінді мұқият түсініп оқиды. Әр жолды оқыған сайын, мұғалім оқушылардың толықтай түсінуі үшін сұрақтар қойып отыруы керек және таныс емес сөздерге түсінік береді. Оқушылар мәтінді толықтай оқып, түсінік алған кезде, кестені толтырады. Соңында оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Оқылымнан кейін мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Жіктік жалғауларын қолданады. Қолданатын сұрақтар беріледі. Олар: қандай? қай? қашан? қайда? Оқушыларға сұрақтың үлгісі, сонымен қатар алдын-ала дескриптор беріледі. Әр сұрақ «Бас бармақ» әдісімен бағаланады. Соңында мұғалім тарапынан «Тапсырма қиын болды ма? Неге?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы кері байланыс беріледі.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға «Алма ағашы» әдісін ұсынуға болады. Бұл ретте оқушылар түрлі-түсті алмаларды (стикерлерді) ағашқа жабыстырады.

Қызыл алма – бәрі түсінікті

Жасыл алма – сұрақтарым бар

Сары алма – түсініксіз

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу