Нәтиже сабақ №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ №12
Сабақтың мақсаты:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), аудиомәтін, суретті карточкалар немесе таза карточкалар)
1-тапсырма. Айтылым. Алдымен оқушыларды жұпқа бөліңіз. «Карточканы қалпына келтір» тәсілін қолдануыңызға болады. Ақпарат, сурет, математикалық формулар, фигуралар бейнеленген карточкаларды оқушыларға таратыңыз. Карточканы қалпына келтіру арқылы жұп құрайды.
«Үшіншісі артық» әдісі тарау бойынша тірек сөздерді қаншалықты меңгергендерін тексеруге мүмкіндік береді. Әр қатардан артық сөзді анықтап, себебін түсіндіреді. Сондай-ақ айтылым дағдысын да арттыруға ықпал етеді. Берілген сөйлемнің үлгісіне қарап, ойын сауатты жеткізуге дағдыланады.
Үлгі: 1-қатарда қозы сөзі артық, өйткені ол жануарға жатады. Бұл қатарда жәндіктердің атауы жазылған.
- Көбелек, қозы, ара
- Өседі, қоректенеді, өлмейді
- Сиыр, бота, жылқы
- Өзгереді, жасыл, ұшады
- Қасқыр, жолбарыс, түйе
- Тауда, ертең, орманда
2-тапсырма. Тыңдалым. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын тексеруге бағытталған. Тарау бойынша білген ақпараттарды қаншалықты естеріне сақтағандарын анықтауға болады. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Сөйлемдерді мұқият тыңдайды. Жасырылған жануарды, құсты, жәндікті анықтап, суретін көрсетулері керек. Оқушылардың әрқайсысына дидактикада берілген суреттерді жеке шығарып беріңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, таза карточкалар таратыңыз. Сол карточкаларға жауаптарын(атауларын) жазады. Дұрыс жауаптары үшін әр оқушы өзіне + белгісін қойып, ұпай жинап отырады да, өз-өздерін бағалайды. Тапсырманы орындап болған соң, тапсырманы орындау деңгейлеріне кері байланыс беріңіз.
3-тапсырма. Жазылым. Тірек сөздерді пайдаланып, «Жанды табиғат» тақырыбында мәтін құрап жазады.Бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын тексеруге бағытталған. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Нәтиже сабақ болғандықтан, әр оқушы тақырып бойынша жазба жұмысын жаза алуы керек. Тірек сөздерді орынды қолданып, тақырып бойынша мәтін құрай білу дағдысы бағаланады. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Әр оқушы жеке орындап болған соң, 4 оқушыдан тұратын шағын топтарға бөліңіз. Шағын топта әр оқушы өзінің құрған мәтінін оқып береді. Топ мүшелері дескрипторға сай жақсы орындалған жұмысты анықтаулары тиіс. Соңында әр топтан үздік деп танылған оқушылар жұмыстарын сыныпқа оқып береді. Сынып оқушылары өз пікірлерін айтады. Сабақ соңында дәптерлерін жинап алып, сөздерді қаншалықты сауатты жазғандарын, тыныс белгілерін дұрыс қойған/қоймағандарын тексеріңіз. Жұмысына комментарий жазу арқылы бағалаңыз. Алдымен жақсы тұстарын жазыңыз, сосын ұсынысыңызды қосыңыз. Дәптеріңізге әр оқушының жіберген қателіктерін түртіп алыңыз. Алдағы уақытта осы оқушылармен қандай бағытта жұмыс жасайтыныңызды жоспарлаңыз.
4-тапсырма. Айтылым. Өздері қалаған жанды табиғаттың бір түріне диалог құрайды.
Бұл тапсырма оқушылардың сөйлеу дағдыларын тексеруге бағытталған. Әр оқушының сөздік қорларының деңгейін, сөйлеу этикетін сақтауын, сөздерді дұрыс айтуын, тақырып бойынша сөздерді орынды қолдана білуін тексересіз. Тапсырманы жұпта орындайды. Алдыңғы тапсырманы орындау барысында «Карточканы қалпына келтір» әдісі бойынша бөлінген жұптарды қалдыруыңызға болады. Жұпқа бөлінген оқушылардың дайындалуына 3 минут уақыт беріңіз. Дескриптормен таныстырыңыз. Сөйлеу қабырғаларын қарауға болады. Бұл бөлім бойынша жиынтық бағалаудың алдындағы сабақ болғандықтан, қолдануларына болады. Содан кейін әр жұптың жауаптарын тақтаға шығарып тыңдаңыз.
Әр жұптың сөйлеуіне 2 минут жеткілікті. Сынып оқушылары дескриптор негізінде жауаптарын бағалайды, ұсыныстарын айтады. Бұл БЖБ-ға дайындық ретінде маңызды.
Рефлексия. Сабақ соңында сөйлемдердің дайын шаблонын ұсыныңыз,сол шаблон бойынша 2-3 сөйлем айтуларына мүмкіндік беріңіз. Бұл да оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?